Понедельник , 7 июля 2025

МӨЛДІР мүмкіндігін КӨРСЕТЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №02 (273) от 15 янва­ря 2015 г.

Ойдан-қыр­дан

 

Бәре­кел­ді!

Бел­гілі әнші, актри­са және теле­жүр­гі­зу­ші Мөл­дір Әуел­бе­ко­ва әнші Инди­ра Еле­ме­стің про­дю­сері атан­ды. Әуелі Әуел­бе­ко­ва бұл иде­я­ның авто­ры әнші Нұр­лан Еспа­нов екенін айры­қ­ша атап өткен болатын.

 

Әнші соны­мен қатар осы қада­мға бар­мас бұрын көп ойланға­нын, ол қызды бұдан бұрын да біраз уақыт сынап көр­генін жасыр­ма­ды. Есесіне, өнер айды­нын­да қанат­та­нып, өз карье­ра­сын жаңа бастаған Инди­ра Еле­мес бүгін­де біраз кон­церт­тер­ге қаты­сып, жеке қор­жы­ны­на бір су жаңа бей­не­ба­ян сүң­гітіп үлгеріпті.

Мөл­дір­дің мүм­кін­ді­гі – өзінің мүм­кін­ді­гі деп білетін жас әнші Инди­ра да: «Мөл­дір бұл сала­ны жақ­сы біледі. Сон­ды­қтан бір­лес­кен жұмыс өз нәти­же­сін беретініне сене­мін», – деген еді. Бәл­кім, жас әншінің сені­мі алда­маға­ны­нан болар, енді ақпан айын­да шетел­де алға­шқы бір­лес­кен бей­не­ба­ян түсірілмек.

Не десек те, кезін­де «Кеш Ю» тобын­да жүріп, кей­ін­нен жеке-дара ән салып та тың­дар­ма­ны­ның құлақ құры­шын қан­ды­рып, ыстық ықы­ла­сы­на бөлен­ген Мөл­дір­дің өнер­ден тік­кен өз ота­уы­на баян­ды­лық тілейміз!

Осын­дай­да «баян­ды­лық» деп Баян­ды еске сала­мыз-ау? Есен­та­е­ва­ны өзіне про­дю­сер ете жүріп, Әуел­бе­ко­ва­ның да ептеп үйрен­гені бар деп біл­дік. Ал былай­ғы жұл­дыз баққан жұрт үшін енді­гі тап-тама­ша әңгі­ме де ерте шыққан құлақтан кей­ін шыққан мүй­іздің оза­тын-озбай­тын­ды­ғын­да бол­са керек?

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн