Понедельник , 7 июля 2025

ҚАЛАУБАЕВА қарау байлардан ҚАЙЫРЫМДЫ!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №02 (273) от 15 янва­ря 2015 г.

Өне­ге

 

Жуыр­да қазақ эст­ра­да­сы­на өзге­ше би сти­ліне ұштасқан нәзік дау­сы­мен кел­ген Әйгерім Қалау­ба­е­ва тың­дар­ма­ны­мен тағы бір рет отба­сы­лық сыры жай­лы бөлісті. Өзінің ресми парақ­ша­сын­да неке жүзі­гін тағып оты­рған суретiн жариялады.

Бас­пасөз бет­терiнiң бiрiне бер­ген сұх­ба­тын­да: «Жол­да­сым Дәу­рен – әске­ри қыз­мет­те. Айсұл­тан, Айда­на есім­ді қос пер­зен­ті­міз бар. Әске­ри адам болған­нан кей­ін, отба­сы­мы­зда тәр­тіп мықты, «Шаг вле­во, шаг впра­во – рас­стрел» деген қағи­да­мен жүре­міз», – деп, әнші өзінің бақыт­ты екенін жет­кіз­ген еді.

Естеріңіз­ге сала кет­сек, Қалау­ба­е­ва әншілік өнері­мен қатар, 2010 жыл­дың жазы­нан бастап би сту­ди­я­сын ашқан бола­тын. Қазір­де сол жер­де көп­те­ген шәкірт­тер тәрбиеленуде.

Соны­мен бір­ге қай­ы­рым­ды­лық шара­ла­ры­на үзбей қаты­сып тұра­тын әнші, бір кез­дері бұдан сырт екі-үш отба­сын азық-түлік­пен қам­та­ма­сыз етіп тұра­ты­нын айтқан болатын.

Әдет­те «Асы бар­да беріп жүріп ел таны­ғы­сы келетін» бұры­нғы пей­ілі бай қаза­қтың бүгін­де қата­ры сире­генін ескер­сек, Айгерім­нің ауыл ағай­ы­ны­на аузы­нан жырып, ас бер­гені жұл­дыз біт­кен­ге өне­ге бол­са керек!

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн