Понедельник , 7 июля 2025

БІЗ КСРО СИЯҚТЫ ОДАҚҚА КІРМЕЙМІЗ! – деп мәлімдеді өзбек президенті

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №02 (273) от 15 янва­ря 2015 г.

 

«Біз­де халы­қтың арман-мүд­десіне жау­ап беретін өз даму жолы­мыз бар. Мен ондай өткен­ге қай­та ора­лу бол­май­ты­нын тағы бір мәр­те мәлім­де­гім келеді. Өзбек­стан КСРО тәріз­дес одақтарға ешқа­шан кір­мей­ді», – деген Ислам Кәрі­мо­втың ел пар­ла­мен­тінің қай­та сай­ланған заң­на­ма­лық (төмен­гі) пала­та­сы­ның дүй­сен­бі­де­гі бірін­ші оты­ры­сын­да сөй­ле­ген дәй­ексөз­дерін жер­гілік­ті БАҚ келтіреді.

Өзбек­стан пре­зи­ден­ті қазір­гі таң­да кей­бір елдер­де одақтық мем­ле­кет­тің кеңе­стік ескі жүй­есіне қай­та ора­лу тал­пы­ны­ста­ры қабыл­да­нып жатқа­нын атап өтті. «Кей­бір шетел­дік теле­ар­на­лар­да ленин­дік және ста­лин­дік кез­дер­ді, КСРО дәуірін мадақтау фак­тілері бай­қа­ла­ды. Біз­ге ондай тәсіл тиім­сіз», – деп баса айт­ты ол.

Ислам Кәрі­мов Өзбек­стан­ның өз аумағын­да шетел­дік әске­ри база­лар мен нысан­дар­дың орна­ла­суы­на жол бер­мей­тінін қай­та­дан еске сал­ды. Оның айтуын­ша, бұл 2012 жылы қабыл­данған Өзбек­стан­ның сыр­тқы сая­си қыз­мет тұжы­рым­да­ма­сын­да қарас­ты­ры­лған (ӨзТАГ).

Сүй­сі­нетін жағ­дай! Бөр­кіңді аспанға атып, ұлы той жасай­тын қуа­ныш! Ұлт­тық мем­ле­кет құру жолын­да нары­қта тары­қ­са да, елінің тәу­ел­сізді­гі мен өзбек халқы­ның азатты­ғын алғы мақ­са­ты санаған мұн­дай пре­зи­дент­тің жар­лы­ғы­мен кезін­де­гі Әнді­жан қырғы­ны­на жол беріл­ген­ді­гін де кешіру­ге бола­ды. Айқас­сыз, қан төгу­сіз Азаттық ата­у­лы құдірет­ті құн­ды­лы­ққа жету қиын. Елінің халқын өз ұлты­ның төңіре­гіне топ­та­сты­рып, қаза­қты да, оры­сты да, басқа­ны да өзбек етіп жатқан Ислам-ака­ның еңбе­гін ертең елі баға­лай­ды (Ал біз­де­гі Жаңаө­зен қырғы­нын еске алы­ңыз да, оған бола­шақта баға берілер сәт­те тарих­та қара таң­ба­мен қала­тын «тұлға­лар­дың» ару­ақ-тағ­ды­рын ойлаңыз).

Сырым ДАТОВ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн