Понедельник , 7 июля 2025

Мемлекеттік қызметкер МҰРЫНДЫҚТАЛҒАН өгіз болды деген осы

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №02 (273) от 15 янва­ря 2015 г.

…Аты­лған оқ

 

Әуел­де «…Аты­лған оқ» деп осы бір айда­ры­мы­зға ай бұрын үкілеп ат қой­ға­ны­мы­з­бен, оқыр­манға ұсы­ну­дың әйте­уір орайы кел­ме­ген. Міне, бүгін сәті түсіп, билік­тің өзі аузы­мы­зға «тәп-тәуір сөз» салып отыр. Енде­ше әмән­дә осы ізбен «Айты­лған сөз жүй­есін, аты­лған оқ иесін таба­ды» деп сенеміз!

 

Несін айтай­ық, биы­лғы жылы қап­таған қалың қарыз бен қаудыр­лаған қат-қат заң­ның астын­да қал­дық десек, өтірік айт­паға­ны­мыз-ау, сірә?! Тіп­ті бүгін­гі бүй­ре­гі бітеу әңгі­ме­міз де осы заң­ның қай­сы бірі – «Екі елі ауы­зға төрт елі қақ­пақ» жай­ын­да болға­лы тұрған жоқ па?

Аны­қтап айтар бол­сақ, күні кеше ғана Мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­ге интер­нет арқы­лы үкі­мет­ті сынап, қара­ла­у­ға қатаң тый­ым салын­ды келіп. Бәлен­шенің арты қуыс бол­ма­са, босқа қуы­ста­нып несі бар дей­тін жұрт енді шене­унік­тер­дің мұны­сы несі деп дал-дал болысты.

Мұн­дай­да дей­мін, «Азат» дей­тін төрт әріп­ке тел­міріп, төрт таған­дап жал­па­сы­нан жатқы­сы кел­ген аза­мат­тық қоға­мы­ң­ды қай­дам, енді аза­мат­тық жур­на­ли­сти­ка­ның да ала таңы бүгін­гі­дей атар-атпас!

Неге дей­сіз ғой? Аты бар болғыр жаңа ере­же бой­ын­ша, енді­гі жер­де мемқыз­мет­кер сорға­лаған қалың өтірік­тің ара­сы­нан кебе құрғақ аз шын­ды­қты әрең тауып алып, кәй­іп­ті ашып, «лайк» бас­са да, жазы­қты болып шыға келеді. Онда да арнайы бап­тың басы-аяғы­нан асып-төгіл­ген бұл «бақыт» мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­ге ғана бұй­ы­ра­тын көрі­неді. «Бұққанға сұққан» осы да (біз­ге сал­са, тұтас заң­ның тонын теріс кигізіп, су жаңа, супер заң шыға­рып алар ма, кім білсін?!

Тіп­ті ол ол ма, мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер билік­ті жиі сынай­тын ғалам­тор қол­да­ну­шы­лар­мен достас­са да, әжептәуір «қыл­мысты» бола­ды екен. Бұған бола ала­дүр­сін өкпе­ле­нуі­міздің жөні де жоқ емес. Тама­ша емес пе?! Өтірік біт­кен­ге өме­ше­гі үзіліп, өкіре­ш­тен­ген өтірік­шіл доста­рың енді сенің маңы­ң­ды да бас­пай­ды. Мұн­дай­да шып-шырға­сыз шын­дық қана сал­та­нат құруға қақылы!

Қыл-қысқа­сы, біз­ше болған­да бұл – жеп-жеп болған жепу­тат­тар­дың «Асы­ң­ды бер­ме­сең де, сөзіңді бер, көңілім тоқ бол­сын» деген сөзі ғана емес, қай­та өткір сөз­ден май­ы­сқақ билік­тің кезек­ті бір ығы­суы деп біл­дік. Бұл ере­же күшіне еніп, оны құқық орын­да­ры қоруға алар бол­са, бұдан былай мемқыз­мет­кер ата­у­лы тегі­стей тұм­сы­ғы­на шығы­рық тағы­лған өгіз бол­ды деген сөз.

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн