Понедельник , 7 июля 2025

АҚАН айқасқа ШЫҚТЫ

Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №02 (273) от 15 янва­ря 2015 г.

Кім айта­ды?

 

Таны­мал кино­ре­жис­сер Ақан Сата­ев «Хакер» кино­сы­ның жар­на­ма­сын жари­я­ла­ды. Режис­сер кезек­ті бұл еңбе­гі жай­лы дереккөзді өзінің Facebook әле­умет­тік желісін­де­гі парақ­ша­сын­да бөліс­кен болатын.

Дереккөз­ге негіз­дел­ген­де, жаңа туын­ды­ның жақын ара­да көр­сетілім­ге шыға­ты­ны бел­гілі бол­ды. Әсілін­де, «Сатай­фильм» кино­ком­па­ни­я­сы кана­да­лық «Know Rules Media» кино­ком­па­ни­я­сы­мен бір­лесіп, «Хакер» киножо­ба­сын бастаған еді. Нақты­рақ айтқан­да, түсірілім жұмыста­ры осы­дан екі жыл бұрын қолға алынған.

Фильм сце­на­рий­ін Тимур Жақ­сы­лы­қов пен жас кине­ма­то­граф­шы Сан­жар Сұл­та­нов жазған. Атал­мыш кино­ның негіз­гі сюжетін­де несие кар­та­сын жымысқы жол­мен бұзып, оңай олжа­мен күн көретін хакер­дің шынайы өмірі баян­далған. Кана­да­лық «Know Rules Media» кино­ком­па­ни­я­сы­мен бір­ле­се алып бары­лған түсірілім­нің бары­сы Нью-Йорк, Торон­то, Банг­кок секіл­ді ірі қала­лар­да қамтыған.

Естеріңіз­ге сала кет­сек, кино­ре­жис­сер Ақан Сата­ев осы­ған дей­ін «Рек­этир», «Жау­жүрек мың бала», «Лик­ви­да­тор», «Адасқан­дар» атты кино­фильм­дер түсіріп, отан­дық кине­ма­то­гра­фи­яда өз қол­таң­ба­сын қал­ды­ру­мен қатар, ең табысты режис­сер­дің қата­ры­на көтеріл­ген еді.

Оның үстіне «Хакер» дра­ма­лық трил­лері Ақан Сата­ев­тың алға­шқы баты­стық жоба­сы көрі­неді. Баты­стық демек­ші, осы түсірілім­нен соң режис­сер­дің өз кәсібін­де сол жақтың біраз тәжіри­бесін жүзе­ге асы­руы мүм­кін болып отыр.

Мыса­лы, ол жақта: «Актер 12 сағат­тан көп жұмыс жаса­мауы керек. Ал режис­сер эпи­зод­та ойнай­тын актер­лер­мен сөй­ле­с­пе­уі, әрі кеңес бер­ме­уі тиіс екен. Бар­лық емле тек көмек­шілері арқы­лы іске аса­ды. Тағы бір қызы­ғы – түскі ас уақы­ты қатаң рет­тел­ген және үзіліс кезін­де ешкім жұмыс жай­лы әңгі­ме­ле­с­пей­ді, тіп­ті тый­ым салы­нған», – дей­ді Ақан Сатаев.

Мұн­дай­да Сата­ев мыр­за қай­дағы бір кана­да­лық ком­па­ни­я­ның кино­фильм­де­гі жұмыс тобы­на салған тый­ы­мын қай­дам, туынды­дан тапқан тиы­нын айт­са, елге сол көп қызық болар ма еді, кім білсін?

Ал бүгін­гі отан­дық телеөнім­де тақы­ры­пқа қоя­тын билік­тің тый­ы­мы тіп­тен Ақан­дар айт­пас бітеу әңгі­ме бол­са керек…

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн