Соңғы санақта Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақтар 53 пайыздан 65 пайызға жетті», – десе, премьер-министр Кәрім Мәсімов: «…Қазақтардың саны 67 пайыздан астам болды», – деді. Бұл кезде Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов: «…Қазақтың үлесі – 63,9 пайыз, осы санға сену керек», – деп, екі көкесіне де түзету енгізді.
Кейін халық демографиясына қатысты ізденіп жүрген ғалымдарымыз бен кейбір журналистер қауымы бұл пайызды «дөңгелетіп» – 65 пайыздың айналасында жазып жүр…