Понедельник , 7 июля 2025

Хоум кредит банк, ЕНДІ ЕРЖАН ҚАЛАЙ мектепте оқиды?

Безымянный3Біздің редак­ци­яға мек­теп­тің 2‑ші сынып оқу­шы­сы Ержан деген бала­дан хат келіп­ті (фото­кө­шір­месін қараңыз). Ержан өз хатын «Хоум кре­дит банк­ке» арнаған екен. Бүл­дір­шін­нің қолы әбден талып жазған хаты мына­дай (бар­лық қате­ле­рені түзетіп бастық):

«Аман­сың ба, Банк аға! Сіз менің көңілім­ді бұз­ды­ңыз. Мені жаман (дай) рен­жіт­тіңіз. Біз анам еке­уміз қуа­нып, ком­пью­тер сатып алай­ық десек, ақша­ны көбей­тіп қой­ды­ңыз. Кіш­кен­тай балаға қым­бат­татқан осы­ңыз дұрыс па, Банк аға? Ойлан­бай­сыз ба? Немене, біз сіздің малай­ы­ңы­з­быз ба? Енді мен ком­пью­тер­ді қалай алам? Оқу­ды қалай оқи­мын? Сіз маған жау­ап айты­ңыз? «Иә» мә?

Хат жазған – Ержан. Іргелі деген жер­де 2 сынып­та оқып жүр­мін. Енді оқы­май­мын ғой, Банк аға».

Біз «енді оқы­май­мын ғой…» деген сөзі үшін ғана Ержан­ды іздеп, Алма­ты­ның іргесін­де­гі Іргелі ауы­лы­на бар­дық. Мек­теп­тен сұра­с­ты­ра жүріп, Ержан­ды және оның ана­сы Гүл­жи­ян­ды тауып алдық. Кір­шіксіз көңілін қағаз бетіне түсіріп, бала­лық рені­шін ақта­рып салған Ержан қоңыр қозы­дай, көп сөзі жоқ оқу­шы екен. Оның бала көңілін аулау үшін, редак­ци­я­ның аты­нан апарған план­шет­ті табыс еттік. Ана­сы­нан Ержан жазған хат­тың тарихын сұрадық.

«Ержан­ның мұн­дай хат жазға­нын маған мына хат­ты өзің оқи­тын газет­ке сал­шы деген­де біл­дім, – дей­ді Ержан оқи­тын мек­теп­те ағы­л­шын тілі­нен сабақ беретін ана­сы Гүл­жи­ян. – Біз жоғарғы жақтың тап­сыр­ма­сы­мен бір­не­ше газет жаз­ды­рып ала­мыз. Бірақ мен бұл хат «ДАТ» газетінің маз­мұ­ны­на келер деп, сіз­дер­ге салып жібер­ген едім. Ержан­ның көңілі қал­ма­сын деген ғана ойым бол­ды. Бұны даб­ы­ра ету керек жоқ шығар… Оның үстіне сіз­дер «план­шет­ник» сый­ға тарт­ты­ңы­здар. Рах­мет!.. Ержанға жазған хаты­ңа жау­ап кел­ді деп айтармын…».

Жоқ, біз бұны даб­ы­ра ету­ден аулақ­пыз. Тек елде­гі бан­кілер­де орын алған неси­елік үсте­менің өсім жағ­дайы Ержан жазған­дай болған­ды­қтан, оны бала­ның тілі­мен айту үшін ғана жария етіп отыр­мыз. Бәл­кім, «жұмыр­тқа­дан жүн қыры­ққан» бан­кілер Ержан сияқты мың­даған бала­ның ком­пью­тер сатып алсам деген қия­лы­на қанат бай­лар деген үміті­міз ғана бар…

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн