Понедельник , 7 июля 2025

Қымбатшылық қамыты Қостанай облысында НАН ҚЫМБАТТАЙДЫ

Қоста­най облы­сын­да 1‑сұрыпты нан баға­сы қым­бат­тай­ды, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ тіл­шісі. «Облы­ста нан баға­сы 4 жыл­дан бері көтеріл­ген жоқ, сон­ды­қтан қазір қым­бат­тай­ды. Өңір­дің бар­лық нау­бай­ха­на­ла­ры өте күр­делі жағ­дай­да тұр», – деді дүй­сен­бі күні аппа­рат кеңесін­де облыс әкі­мі Нұр­лан Сәдуақасов.

Хабар­да айты­лған­дай, қазір Қоста­най облы­сын­да 1‑сұрыпты 500 грамм­дық нан баға­сы елі­міз­де ең арзан – 42 тең­ге тұра­ды. Бұрын­да­ры облыс нан баға­сын тұрақтан­ды­ру қоры­ның есебі­нен ұстап тұрған, енді ол ресурс нау­бай­ха­на­лар­дағы нан өндірісінің шығын­да­рын жап­пай жатыр.

Облыс бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­сы­мен есеп­те­улер жаса­лу­да. Болжам бой­ын­ша, нан баға­сы 3–4 тең­ге­ге қым­бат­тай­тын шығар.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн