«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» 2015 жылғы көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізуге республиканың ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру мақсатында екінші деңгейлі банктерден (ЕДБ) өтінімдерді қабылдауды басталғанын хабарлайды.
Холдинг баспасөз қызметінен хабарлағандай, өтінімдерді қабылдау хабарландыруды жариялаған күннен бастап, 30 күнтізбелік күн ағымында жүзеге асырылады. Бюджеттік несиені алу сұрақтары бойынша «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің Инвестициялық жобалар және несиелік әдіснама департаментіне хабарласу керек (тел: (7172) 705-643 ішкі: 1150; 1154; [email protected]).
ҚазТАГ