Қазақстан Ресейден «ерекше сезімтал» тауарлық топтардағы азық-түлік импортына уақытша шектеу қоюы керек, деп есептейді Tengri Partners компаниясының басқарушы серіктесі Әнуар Үшбаев. «Рубльдің девальвациясы жүз пайыздай, бізге жыл соңына қарай ондағы инфляция орасан үлкен болады деп отыр.
Сондықтан рубль бағамының құлдырауы себепті олардың тауарлары бәсекеге қабілетті болып қала береді деу мағынасыз. Ерекше сезімтал тауарлық топтарға уақытша қаржылық тетіктер қолдану керек, бәлкім, импорттық квота ма, әлде тарифтер, экспорттық субсидиялар ма?» – деді Ә. Үшбаев жұма күнгі баспасөз мәслихатында.
Ә. Үшбаев түсіндіргендей, Қазақстанда ЕАЭО келісімі аясында ерекше сезімтал тауарлар тобына қатысты, егер олар біздің елдегі тұрақтылық пен дамуына ықпал ететін болса», бір реттік шектеу енгізу құқығы бар. «Сондықтан Ресей өзіндегі проблеманың біздің нарыққа ағып өтуіне жол бермеу керектігін түсінуі керек – ол одақты нығайта түседі», – деді ол.
Оның айтуынша, экспортты ынталандырады деп девальвация жүргізу «өте күмәнді». «Себебі ол халықтың сатып алушылық қабілетін толығымен алып қояды», – деді сарапшы.
ҚазТАГ