Понедельник , 7 июля 2025

АХМЕТБЕКОВКЕ Һәм Астана әкімшілігіне АРНАЛҒАН АҚЫЛ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №04 (275) от 29 янва­ря 2015 г.

 

…деген екен

Жам­был Ахмет­бе­ков – мәжіліс депу­та­ты һәм «халы­қ­шыл» ком­му­ни­стер хатшысы:

 

  • «Бомж­дар біздің қоғам­ның ауруы­на айнал­ды! Олар аста­на­мы­здың кел­бетін бұзып жатыр! Жақын­да ЭКСПО-2017 өте­ді, оған шетел­дік тури­стер келеді. Сон­да біздің үйсіз­дер қай­ыр сұрап жүр­се, тури­стер­дің сана­сын­да біздің гүл­ден­ген ел тура­лы қан­дай ой қалып­та­са­ды? Міне, мына­ла­рың ЭКСПО өткізіп жатыр, ал халқы кедей­леніп, үйсіз жүр демей ме? Бұған жол беру­ге болмайды!».

Abai.kz

 

Дәл осы Аста­на­дағы «бомж­дар» мәсе­лесін ана-а-ау жылы «ОБСЕ» сам­ми­ті өтер кез­де мен де бір жаз­бам­ның бір пұшпағы­на қысты­ра кет­кен едім. Сон­да мұры­ным­ды шұқып оты­рып, аста­на­лық биші­ке­ш­тер­ге арнап жазған ақы­лым­ды тағы бір қай­та­лай­ын: біздің әпер­бақан әкім­дер үшін бұл – бұй­ым емес шаруа. Бәл­кім, Жам­был­дан садаға кет­кір Ахмет­бе­ков те басын қат­ты қаты­рып жүр­ген мәсе­лені менің «ноу-хоуым­ды» қол­да­ну арқы­лы шешіп, бәләм бір тынышталар.

Әрине, «ерік­кен­нен» еліріп жүріп, «бомж» деген әле­умет­тік ста­тус алған қаңғы­бас қауы­мға бас­па­на бөліп бере алмай­сың. Олар түгілі, алты бала­лы «Алтын алқа­лы» ана­ларға үй беру мәсе­лесін үкі­мет үйдей про­бле­ма қылып оты­рған­да, «бомж­ды» бауы­рға басу – қытай­ды құда қылу­мен бір­дей қиямет.

Енді не етпек керек? Ахмет­бе­ко­вті «аһ» ұрдыр­май, Аста­наға төніп тұрған қатер­дің бетін қалай қайтарамыз?

Мен­де бір итже­гір идея бар: Жам­бе­кең­дер жаратса.

Ол үшін ЭКСПО баста­лар­дан бір апта бұрын Аста­на­дағы «бомж­дар­ды» түгін қал­дыр­май жиып-теріп, көлік­ке тиеп, Қараған­ды­ға апа­рып тастау керек (олар тым көп бол­са, Қоста­най, Көк­ше­тау, Қызы­л­жар, Кере­ку қала­ла­ры­на бөлу­ге бола­ды). Бірақ о жақтағы «бомж­дар» мен бұ жақтан апа­ры­лған­дар ара­сын­да мүд­де қақты­ғы­сы (под­валға талас, қоқыс жәші­гі үшін шай­қас, т.б.) бол­мас үшін, халы­қтық ком­му­ни­стер Қараған­ды қала­сын­да «Қаңғы­ба­стар құры­л­тай­ын» өткі­зуі керек.

Әлбет­те, мұн­дай маңы­зды мем­ле­кет­тік шара­ны өткі­зу үшін, бюд­жет­тен аз-маз қар­жы бөлі­нуі тиіс. Ал құры­л­тай өткі­зетін оры­нға «Бесо­ба­да» құры­лы­сы біт­пей қалған бір үйдің под­ва­лын пай­да­лан­са бола­ды: әрі – тегін, әрі – кең. Түскі үзіліс кезін­де «бомж-деле­гат­тарға» тамақ беріліп, кеш­кілік­ке бір-бір шөл­мек арзан арақ ұста­тып жібер­се болға­ны: закус­ка­ны өздері тауып ала­ды. Есесіне – бөгіп алған боме­кең­дер Арқа­ның аспа­ны астын­да тыр-тыр қасы­нып, бор-бор ұйы­қтап, алаң­сыз жата береді.

Бірақ бұл құры­л­тай­дың бір гәбі бар: оны үш ай бойы үзіліс­сіз өткі­зу керек. Себебі – ЭКСПО осын­ша уақы­тқа созы­ла­ды. Коса­рев­тің өзі көсем боп, бүт­кіл пар­ти­я­сы­мен үш ай құры­л­тай­шы­лып жүр­се, өттері жары­лып кет­пей­ді: есесіне Ахмет­бе­ков айт­пақ­шы, қаңғы­ба­стар «Аста­на­ның кел­бетін бұзбайды».

Ал Қараған­ды­ға апа­рып тастаған қаңғы­ба­стар­ды қара­у­сыз қал­дыр­саң, олар екі күн­нен кей­ін аңы­ра­тып оты­рып, Аста­наға қай­тып келеді. Олар қай­тып кел­ді деген­ше, Аста­на­ның абы­ройы ашыл­ды дей бер: тури­стер тым-тырақай қаша­ды; Нән көке­міздің қаны басы­на тебеді; оны­кі теп­ті деген­ше, Жақ­сы­бе­ко­втің жүре­гі жары­лып қал­ды дей беріңіз…

Міне, ЭКСПО десе, ішкен асын жер­ге қой­ып, еңіреп жүр­ген­дер осы ұсы­ны­сты ұстан­са, Аста­на да айбат­ты, Қаза­қстан да қай­рат­ты көрі­неді. Біт­ті шаруа!

Қалай, Жам­был мыр­за? Ойбай, той­ыс, това­рищ Ахметбеков?!

Ермұрат БАПИ

 

  • Есенға­ли – Анта­ки­ядан: Үш ай бойы бомж­дар­дың құры­л­тай­ын өткізу­ге қызыл­көз ком­му­ни­стер­дің қара­жа­ты жет­пей­ді. Менің ұсы­ны­сым: «Халы­қ­шыл» ком­му­ни­стер пар­ти­я­сы­ның 90 мың «члені» бар екен. Осы 90 мың пар­тия мүше­сіне бір-бір­ден бомж бөліп беру керек, EXPO көр­месі өтіп болған­ша мой­ны­на алған бом­жын бақ­сын-қақ­сын, киін­дір­сін-жуын­дыр­сын. Сон­да Аста­на да таза­ра­ды, көсе­кең де тыныш ұйы­қтай­ды, Ахмет­бе­ко­втың да уай­ы­мы азаяды.

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн