Понедельник , 7 июля 2025

Айдай болсаң да, ТӨРТ БАЛА ТУУ оңай бола ма?..

Өне­ге

 

Осы­дан біраз уақыт ілгері қазақ қызы Айдай Иса­е­ва «Әлем аруы – 2014» бай­қа­уы­на үміт­кер болған еді. АҚШ-тың Май­а­ми қала­сын­да өткен сұлу­лар сай­ы­сын­да ақтық сын­да әлем­нің 125 елі­нен кел­ген сұлу­лар бақ сына­сты. Өкіні­штісі сол – Иса­е­ва финалға шыққан 15 ару­дың қата­ры­нан көріне алмады.

Әрине, бұл Айдай­дың бәсе­ке жолын­дағы алға­шқы қада­мы емес. Айтуын­ша: «Әлем аруы – 2014» бай­қа­уы­нан бұрын рес­пуб­ли­ка ішін­де­гі сұлулық сай­ы­ста­рын­да 10 рет сынға түс­кен екен. «Инста­грам» әле­умет­тік желісін­де жан­күй­ер­леріне көр­кі­мен қоса, қара­пай­ым­ды­лы­ғын видео-сәлем­де­ме­лері­нен аңғар­тқа­нын біле­міз. Қазір де Алма­ты қала­лық №1 емха­на­да отба­сы­лық дәрі­гер болып қыз­мет атқарады.

Қызы­ғы сол – Айдай қыз бір сұх­ба­тын­да: оқу­ды тәмам­даған соң, тұр­мысқа шығып, шама­мен 4 бала­ның ана­сы болғы­сы кел­генін айтқан бола­тын. Бұған, әрине, «бәре­кел­ді!» деп, бөр­кіңді аспанға ата­сың. Тәп-тәуір сөз емес пе? Әлем-жәлем әлем­нің аруы болған­нан гөрі, қаза­қтың ару-ана­сы болға­ны санын өсі­ре алмай жүр­ген ел үшін еселі үлес бол­мас па? Ал қаза­қта ардақты ана болу­дан өткен мерей, асқан бақыт жоғын бүгін­гі «бой­дақ» қыздар Айдай­ға ұқсап сезіне алса – құба-құп еді!

Топ­та­ма­ны дайындаған –

Төлеу ТҰРМАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн