Понедельник , 7 июля 2025

Жұрт күткен жаңалық – АЙДАНАДА!

Таң қал­маңыз!

 

Осы­дан екі-үш жыл бұрын өткен таң­дау (кастинг) нәти­же­сін­де «КешYou» тобы­на Айда­на Меде­но­ва қабыл­данған еді. Кей­ін­гі кез­де оның топ­тан кететіні жай­лы әжептәуір аңыз өрбі­ген бола­тын. Осы­ған орай, ақпан айын­да әншінің про­дю­сер­мен ара­дағы келісім-шарт мерзі­мінің аяқта­ла­тын­ды­ғын Баян Есен­та­е­ва ресми түр­де хабар­лаған еді.

Мұны қой­шы, жуық ара­да 24 жасқа аяқ басқа­лы тұрған әншінің жеке өмірін­де­гі жаңа­лы­қта­ры тың­дар­ман халы­қты елең еткі­зу­де. Айда­на­ның әншілік өнер жолы­нан тыс, өзі білім алған дизай­нер маман­ды­ғы бой­ын­ша да көп жұмыстың басын қай­ы­рғы­сы келетін­ге ұқсай­ды. Бұл тура­лы былай­ғы жұр­тқа әле­умет­тік желі арқы­лы мәлім болған.

Осы рет­те жас әнші Кен­тал мен Айда­на­ның ара­сын­да махаб­бат бар деген көл­де­нең сөз көп аузын­да жүр­гені­мен, бұл сыбыст­ың қаңқу сөз екені тағы бір рет дәлел­ден­ді: әншінің инста-парақ­ша­сы­на үңіл­сек, шоу-биз­нес сала­сын­да жүр­ген аза­мат – Әлі­шер Нұр­жа­но­втың Айдан­амен бір­ге жүр­ген сурет­терін көзі­міз жиі шала­ты­ны бар.

Демек, «Көп ұза­май ол көше­де де той бола­ды-ау» деген сөз көкей­іңіз­де бүл­кіл­деп тұр­са керек. Ал біз күт­кен той­дың бола­ты­нын-бол­май­ты­нын осы­дан соң Айда­на­ның өзі-ақ айтар дейміз…

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн