Понедельник , 7 июля 2025

Той тек дүрмекпен ӨТПЕСІН ДЕСЕК

 

Биыл Қазақ ханды­ғы­ның  құры­лға­ны­на 550 (бұл жай­лы да әртүр­лі пікір қалып­та­сты) жыл, екін­ші жаһан­дық соғы­стың аяқталға­ны­на 70 жыл, Ата заңы­мы­здың қабыл­да­нып, Халы­қтар Ассам­бле­я­сы­ның құры­лға­ны­на 20 жыл­дай ата­у­лы мере­ке­лері қатар-қатар келіп отыр. Осы ауқым­ды мере­ке­лер аз ғана ат төбелін­дей ақ жаға­лы­лар­дың қуа­ны­шты көңіл көте­рер ішіп-жем­деріне айна­лып кет­пе­се екен дейміз?

Деген­мен, басын­да Шу ауда­нын­да той­ла­на­тын болған Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы енді Тараз­да өтетін­ді­гі бізді қын­жы­л­та­ды. Тарих­тан бел­гілі болған­ды­қтан, Шу бойы мен Қозы­ба­сы деп анық жазы­лған ғой. Сол себеп­тен Шу өңірін­де Керей хан­ның ескерт­кі­шін орна­тып, Шу қала­сы, Шу ауда­ны, Шу өзені деп қай­та­ла­на беретін­дік­тен, ауданға да есі­мі беріл­се. Хан­ның тауы орна­ласқан Мой­ы­нқұм ауда­ны Жәні­бек хан­ның есі­мі­мен атал­са, аудан орта­лы­ғы Мой­ы­нқұм деп ата­ла­тын­ды­қтан. Ал Керей хан­ның Хан тауын­да жер­лен­гені рас бол­са, көрік­ті кесене орнатылса.

Сон­дай-ақ Шу мен Мой­ы­нқұм­дағы тозы­ғы жет­кен жол­дар­ды қалы­пқа кел­тіріп, ғылы­ми кон­фе­рен­ция мен ақын­дар айты­сы өткізіл­се. Мем­ле­кет тара­пы­нан, яғни халы­қтың қал­та­сы­нан 550 жыл­ды­ққа деп бөлініп жатқан 20 мил­ли­ард тең­ге қара­жат осын­дай игі мақ­сат­тарға жұм­са­луы керек қой. Ерте­де­гі тас пен қола дәуірі­нен сыр шер­тетін Жай­сан алқа­бы мен Түр­кі қаға­на­ты­ның мәде­ни орта­лы­ғы болған Бала­сағұн қала­сы орна­ласқан Шу бойы мен Хан­та­уын­да басталған той Аста­на­да өрбіп, Пав­ло­дар, Өске­мен қала­ла­рын­да жалға­сын тап­са. Интер­нет желісін­де де қозға­лып жатқан­дай, Пав­ло­дар қала­сы­на – Керей­дің және Руд­ный­ға – Жәні­бек хан­ның есі­мін бер­се, жара­сып қана қой­май, Путин, Лимо­нов, Жири­нов­ский тек­те­стер­дің аузы­на құм құй­ған болар едік.

Алтай Мыр­за­ха­нов,

Ерсі­ман Абсаматов,

Манат Аміров,

Шу ауда­ны

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн