Понедельник , 7 июля 2025

Баян-сұлу БЕКЕР бүлінеді

Айтуға оңай

 

Таны­мал теле­жүр­гі­зу­ші және про­дю­сер Баян Есен­та­е­ва өзін қазақ тілін біл­ме­гені үшін сынаған­дарға әле­умет­тік желі арқы­лы жау­ап бер­ді. Оның айтуын­ша, туған тілін біл­ме­гені үшін жиі сын ести­тін көрінеді.

Сол себепт­ті де жуыр­да әнші бұл сынға жау­ап ретін­де инста­грам парақ­ша­сын­да: «Иә, дәл солай, мен орыс тілін­де ойлай­мын, орыс бала­бақ­ша­сы­на бар­дым, орыс мек­тебін бітір­дім: ол кез­де қала­да тек бір ғана қазақ мек­тебі бар бола­тын. Бірақ ол ақталға­ным емес, ақталғым да кел­мей­ді! Өзі­ме сын айта­тын­дар­дан: «Менен қай жеріңіз артық, өз халқы­ңыз бен еліңіз үшін не істе­діңіз­дер? деп сұрағым келеді», – дейді.

Соны­мен бір­ге Баян-сұлу: «Тек қана қаза­қ­ша сөй­ле­геніңіз үшін өздеріңізді нағыз қазақ ретін­де сана­уға кім құқық бер­ді? Мен – қаза­қ­пын! Жүре­гім – қазақ! Жаным – қазақ! Істе­ген істерім­нің бар­лы­ғы, бірін­ші­ден, қазақ тілін, мәде­ни­етін және шығар­ма­шы­лы­ғын дамы­ту үшін жаса­ла­ды. Қазір мен орыс­ша сөй­ле­сем де, «Қазақ аруы» бай­қа­уын дай­ын­дап жүр­мін. Бұл жоба, ең бірін­ші­ден, қазақ халқы­ның тілін, әде­би­етін, тарихын, мәде­ни­етін, салт-дәстүрін дамы­туға бағыт­талған. Мен ештеңе­ден ұял­май­мын…» – деп жазған.

Иә, осы­дан кей­ін, Баян­ның қазақ екеніне ешкім­нің дауы бол­ма­са керек. Өзінің қаза­ғын дүни­е­ге орыс тілі­мен таны­тып жүр­ген аруға айып таға беру – әділет­тің әлпе­ті бол­май­ды. Басты­сы – жаны мен жүре­гі қазақ қызды қай­рай беруді қой­ған жөн шығар…

Бет­ті дайындаған –

Төлеу ТҰРМАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн