Понедельник , 5 мая 2025

Қайрат пен Жанар БАЯНДЫ БЕРІ БҰРДЫ

Апы­рай, ә?!

 

ОЙДАН КЫРДАН КАЙРАТ ПЕН ЖАНАР БАЯНДЫ БЕРИ БУРДЫОтан­дық таны­мал әншілер Қай­рат Нұр­тас пен Жанар Дұға­ло­ва бір­лесіп бей­не­ба­ян түсіретін бол­ды. Дұға­ло­ва­ның про­дю­серінің айтуын­ша, бей­не­ба­ян «Сен мені түсін­бедің» әніне түсірілмекші.

«Бей­не­ба­ян Алма­ты­да ертең­нен бастап түсіріледі. Бұл идея Қай­рат Нұр­та­стың да, біздің де көңілі­міз­ден шықты. Сон­ды­қтан осын­дай туын­ды жасап шығуға бел будық», – деді Баян Есен­та­е­ва. Соны­мен бір­ге Жанар­дың про­дю­сері аталған әннің бей­не­ба­я­ны ақпан айы­ның соңы­на қарай жары­ққа шығып, қаза­қстан­дық теле­ар­на­лар­дан бері­ле бастай­ты­нын айтқан болатын.

Айта кетер­лік жайт – «Сен мені түсін­бедің» деп ата­ла­тын бұл әнді екі әнші Қай­рат Нұр­та­стың 3D кон­цер­тін­де орын­даған еді. Соны­мен бір­ге екі әнші­ге бір бей­не­ба­ян түсіру­ге тағы бір себеп те жоқ емес: осы­дан аз уақыт ілгері Баян Есен­та­е­ва­ның бас­пасөз бетін­де Қай­рат Нұр­та­сты әнші ретін­де мой­ын­дай­ты­нын айтқан.

Ең қызы­ғы – осы­ған дей­ін БАҚ-тар­да Жанар Дұға­ло­ва­ның тағы бір таны­мал әнші Айқын Төле­п­бер­ген­мен дуэт орын­дай­ты­ны тура­лы хабар­ланған еді. Ол кез­де Баян Есен­та­е­ва мұны да жақ­сы идея деп қабылдаған.

Не десек те, шоу-биз­не­сте­гі бұл жаңа­лық былай­ғы жұл­дыз аңды­ған жұрт­ты біраз елең­детіп тастаған­дай. Оның үстіне тек қана қыздар­дан ғана топ құру­ды мақ­сат еткен Баян ханым­ның бұны­сы­на қарап, енді әнші жігіт­тер­ге де ептеп бүй­ре­гі «бұры­лған» ба деп қаласың!

Мүбәдә, осы ойы­мыз рас­та­лып, өз қамқор­лы­ғы­на талант­ты әнші жігіт­тер­дің әлде­не­ше­уін алар бол­са, Баян­ның «бетін бері қаратқан» әнші Қай­рат Нұр­тасқа «жүрек жібіту­ші» ретін­де рах­мет айт­пасқа шараң жоқ!

Бет­ті дай­ын­даған – Төлеу ТҰРМАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн