Понедельник , 7 июля 2025

Медеудің МҰНЫСЫ қалай?..

Мәсе­ле!

 

«Қаза­қстан дауы­сы» жоба­сы­ның мәре­шісі Гүлім Жүсі­п­бе­ко­ва дода соңын­да көре­рмен­дер дауы­сын жоға­ры жинаға­ны­мен, тәлім­гері Медеу Арын­ба­ев­тан жоба бары­сын­да қол­дау көре алмаған­ды­ғын айтып шағымданды.

Естеріңіз­де бол­са, Медеу Арын­ба­ев финал алдын­да: «Мен Гүлім Жүсі­п­бе­ко­ва­ның «Қаза­қстан дауы­сы» жоба­сы­ның фина­лы­на өткенін қала­май­мын. Әрине, маған тәлім­гер ретін­де бұлай айту оңай емес. Өйт­кені тобым­дағы үміт­кер­лер­дің бәрі маған бір­дей. Деген­мен, әділін айта­тын бол­сақ, Гүлім­ге қараған­да Мақ­сат Мақұл­бе­ко­втың ән орын­дау шебер­лі­гі басым, дауы­сы күшті, кәсі­би дең­гейі жоға­ры», – деген пікір біл­дір­ген болатын.

Ал Гүлім­нің айтуын­ша, сахна­дағы «сатқын­ды­ғы» өз алды­на, дай­ын­дық бары­сын­да да тәлім­гер Арын­ба­ев шәкір­тіне ешбір жетек­шілік жаса­маған көрі­неді. Тіп­ті жоба басын­да Меде­удің таң­дап алған шәкірт­теріне келіп: «Мен қыздар­мен жақ­сы жұмыс жасай алмай­мын», – дегені бар көрінеді.

Меде­удің мұны­сы – әрине, жұм­бақ… «Қыздар­мен жұмыс жасай алмаға­ны» несі? Оның үстіне Гүлім сияқты гүл­дей қыз­бен «жұмыс жасау» кере­мет емес пе? Соған қараған­да, Меде­удің «жұмыс жасай алмай­ты­ны» – сахна­лық шең­бер­ден кеңірек әңгі­ме бол­са керек… Енді мұны біздің сөзқу­ар қазақ сан-саққа жүгірт­пе­се екен деп қана тілейік.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн