Понедельник , 7 июля 2025

ӨЗІ ТУРАЛЫ өзі не айтады?

Жаңа кітап

 

  • Алма­ты­дағы «Рух БГ» бас­па­сы­нан үсті­міз­де­гі жыл­дың басын­да жазу­шы Бей­біт Қой­шы­ба­ев­тың «Өзім тура­лы» деп ата­ла­тын кітап­ша­сы жарық көр­ді. Мұн­да автор өзінің қалам­гер­лік тыныс-тір­шілі­гі­нен сыр шер­те­ді. Жеке басы­ның тәжіри­бесі­нен өрбі­те оты­рып, көр­кем шығар­ма­шы­лық табиға­тын тануға сеп­те­сетін жәйт­тер­ді тіл­ге тиек етеді.

Өмір­ба­ян­дық кітап­ша екі бөлім­нен тұра­ды. Алға­шқы бөлім­де автор өзінің әде­би­ет­ке келу жолы мен жазу­шы­лы­қтың кіл­тін қалай тапқа­ны, бір­тін­деп қалып­тасқан көзқа­ра­сы жай­ын­да әңгі­ме­ле­се, екін­шісін­де – шығар­ма­шы­лы­ғы­ның басты мақ­са­ты хақын­да ой толғай­ды. Кітап­ша­дан оқыр­ман жазу­шы­ның шығар­ма­шы­лық кон­цеп­ци­я­сы­мен таны­са­ды, сон­дай-ақ тын­бай ізде­нудің арқа­сын­да қалып­та­сты­рған өзін­дік жұмыс­шы фило­со­фи­я­сын туын­ды­ла­рын жазуға қай­тіп қол­данға­нын, жал­пы көр­кем туын­ды жай­ын­дағы ойла­рын оқып біледі. Қалам­гер әңгі­ме­леп оты­рған шығар­ма­шы­лық тәжіри­бенің әде­би­ет зерт­те­ушілеріне, әде­би­ет­ті сүй­етін қалың көп­шілік­ке пай­да­лы мағлұ­мат­тар бере­рі күмәнсіз.

Кітап­ша био­биб­лио­гра­фи­я­лық аны­қта­ма­лы­қ­пен жаб­ды­қталған. Автор­дың жеке басы­лым түрін­де жарық көр­ген кітап­та­ры тізі­міне 33 ата­лым енген. Сон­дай-ақ құра­с­ты­рған жинақта­ры мен аудар­ма­ла­ры­ның да тіз­бесі (бар­лы­ғы 24 кітап) келтірілген.

Қалам­гер­дің бұл ғұмыр­на­ма­лық кітап­ша­сы биы­лғы 70-ке тола­тын мерей­тойы қар­саңын­да өзіне және өзінің оқыр­ман­да­ры­на бер­ген есебі ретін­де шыға­ры­лып отыр.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн