Понедельник , 7 июля 2025

Уразов НЕ ДЕП уттайды?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №07 (278) от 19 фев­ра­ля 2015 г.

 

Масқа­ра!

 

Өз ота­нын­да «орал­ман» атанған қан­дас қаза­ғы­мы­здың құлағы бұл билік­тен не есті­ме­ген: әуелі қаза­қтан бөліп – «қашқын» ата­ды, елден бөліп – «елге еңбе­гі сің­бе­ген» деді. Ол – ол ма, «орал­ман­дар­дың 71 пай­ы­зы сау­ат­сыз» деген сөзді де естідік.

 

Енді ол оғаш пікір­лер де бұралқы бір иттің үрісін­дей дап-дал­ба­са боп қал­ды. Жуыр­да үкі­мет пар­ла­мент­ке «Көші-қон тура­лы» заң жоба­сын таны­сты­рған­да, орал­ман ағай­ын қазақ еліне тіп­тен де қажет еме­сті­гін естідік: «…Саны бар да, сапа­сы жоқ кел­ген­дер­дің 70 пай­ы­зы жұмыс­сыздар­дың қата­рын толы­қты­ра­ды. Олар­дың саны біз­де онсыз да 2,5 мил­ли­он­нан аса­ды» деп, бұрын-соң­ды аты естіл­ме­ген Самиғол­ла Ора­зов деген депу­тат суы­ры­лып шықты.

Есті­ген құлақта қан­дай­лық жазық бол­ма­са, енді біздің сол депу­татқа қара­та айтқан ауы­зда да сон­ша жазық бола қой­ма­са керек: бірін­ші­ден, біз сол кел­ген қан­да­стың саны мен сапа­сы жай­лы айтқы­мыз келеді. Екін­шісі, әрине, ПМ депу­та­тын «қат­ты толған­ды­рған» жұмыс­сыздық мәсе­лесі тура­сын­да бол­са керек!

Әуелі Ора­зо­втың ойбай­ын­дағы сан мен сапа жай­ын­да тоқта­лай­ық. Сан тура­лы сөз болған­да, биы­лғы жылы теле­жур­на­ли­стер­мен кез­де­су бары­сын­да елба­сы­ның: «…Кезін­де тәу­ел­сіздік алған тұста 1991–1995 жыл­дар ара­лы­ғын­да Қаза­қстан­нан 3,5 млн. халық көшіп кет­ті. Сол көр­сет­кіш бой­ын­ша халық саны 14 млн.-ға дей­ін түс­кен. Қазір­гі уақыт­та енді-енді қай­та қал­пы­мы­зға келіп жатыр­мыз. Оның ішін­де 1 млн.-нан астам қан­даста­ры­мыз сырт­тан келіп жатыр…», – деген сөзі еске түседі. Ел пре­зи­ден­ті бұл лепе­сін­де нені меңзегендей?

Мәсе­лен, 2013 жылы өзбек ағай­ын 30 мил­ли­онға жетіп­ті деген­де, «Жас Алаш» газеті Қаза­қстан демо­гра­фи­я­сын сарап­тай келе: «Қаза­қстан халқы­ның саны 22 жыл­да бұры­нғы көр­сет­кi­шпен салы­сты­рған­да, әлi бiр ада­мға көбей­ген жоқ», – деген еді. Бұған қоса, елде­гі демо­гра­фи­я­лық жағ­дай­дың жай-жап­са­рын бүге-шүгесіне дей­ін тал­дап, жазып жүр­ген жур­на­лист Фазыл­бек Әбсат­тарұлы­ның бұл тұстағы жаз­ба­сы да 22 жыл­да ел халқы­ның саны тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­дағы 17 мил­ли­он­дық көр­сет­кі­ші­нен аса алмаға­нын айтқан болатын.

Ал жаңағы елба­сы айтқан сырт­тан кел­ген қан­дастар есебін­де­гі бір мил­ли­он­ды қазір­гі халық саны­нан азай­тып көр­ші: жоға­ры­дағы әріп­те­стер­дің орын­ды өкпе­сі тұрып­ты, сонау тәу­ел­сіздік­тен бер­гі бәлен­ше пай­ыз өсті деген өсім көр­сет­кі­шің кедей­дің кепе­сін­дей үңірей­іп қал­май ма?

Енді ойлап қараңыз: сол орал­ман­ның сапа­дан гөрі саны­ның қан­ша­лық маңы­зды екенін! Ал 2020 жылы елді қайт­сем 20 мил­ли­онға жет­кі­зем деп екі етек­теп тозған елба­сы­ға не айта­сыз, Самиғол­ла? Әлде сіз қаза­қты тау­арға айнал­ды­рып, сан мен сапа тұрғы­сын­да есеп­тей­тін бол­ды­ңыз ба?

Онсыз да Ста­ти­сти­ка коми­тетінің (СК) төраға­сы Әли­хан Смай­ы­лов 2015 жыл­дан бастап біз­де­гі халық саны кеми бастай­ты­нын айтқан-ды. Сон­да елде бар қазір­гі 17 мил­ли­он 377 мың­дық есеп­ке бар-жоғы бір мил­ли­он­дық өсім­ді үстеп, қай жыр­ты­ғы­ңы­зды жамаған­дай­сыз? Әлде осы Ора­зо­втар­дың ойы ел пре­зи­ден­тін өтірік­ші етіп көр­се­ту ме?! Әгәрәки, олай бол­май, шын көре­ген­дік көр­сет­кісі кел­се, осы шен­ділер ешкім­ге «тістерін жар­май», 2020 жылға дей­ін шет­те­гі бес мил­ли­он қаза­қтың тым құры­са қақ жар­ты­сын елге орал­тып алмай ма?

Желі біт­кен­де аты-жөні «Сами­гол­ла Ура­зов» деп жазы­лып жүр­ген тегінің «сапа­сы» түсініксіз сол депу­тат біле ме екен: оның есебін­де «саны ғана бар» ағай­ын­ның артық жар­ты­сы алақан жай­май, «жұмыс бер» деп үкі­мет­ке жалын­бай, өз күн­дерін өздері көріп жүр­генін? Пар­ла­мент­те өкілі­міз жүр­сін, үкі­мет құра­мын­да ада­мы­м­ыз бол­сын, билік­ке тала­сы­мыз бар деп, теп­сіне шыққан бір орал­ман бар ма? Бар­лы­ғын өз қаза­ғым­мен бір­ге көрем деп, заман­ның запы­ра­нын бір­ге жұты­сып жүр­ген сол қаза­қтың ала қой­ды бөлек қыры­ққан күні бар ма? Енді неге «халық қала­у­лы­сы» деген айда­ры бар бұл депу­тат сол халы­қтың бір бөлі­гін бөле қыры­ққы­сы келеді?

«Сая­си тұрақты­лы­қтың» раха­ты­на аяғын малып, қазақ елін «сауын сиы­рға» айнал­ды­рып жатқан қан­ша­ма ұлыс бар бұл елде? Оларға қар­сы тіксіне сөй­ле­се, төр­де оты­рған төресі төбесі­нен ұра­рын «ура­зо­втар» біледі. Содан жүн­де­у­ге жақ­сы «жуас түй­есі» – өз қаза­ғын қылқын­ды­рып, төресінің «тұрақты­лы­ғы­на» үлес қосқан­дай қыз­мет қылғы­сы келеді. Соны­мен атақ алып, дәр­мен­ді дәре­же­ге жет­сем дей­ді. Сол «ура­зо­втар» қай­дан біл­сін: осы даб­ы­расы ақы­ры абы­рой­дан айы­рып, түбін­де өзін дала­да қал­ды­ра­рын. Әлде біздің елде билік жақта бишік ұстаған бір орал­ман бол­маға­сын, жапы­рақты ғана тани­тын түй­е­ге ұқсап, қан­да­сын «қырып салған» бұл депу­тат­тарға ерлік пе екен?

Енді әлгі 70 пай­ыз «жұмыс­сыз» орал­ман­ның жырын айтып көр? Жам­ба­стай жан­тай­ған эко­но­ми­ка­ны жер­гілік­ті қаза­ғы­мен бір­ге жабы­ла-жар­ма­са көтерісіп келе жатқан солар бол­маған­да, ішіп-жемін бөк­теріп, шет­ке қашқан шене­уні­гің дей­місің? Қисық ағаш қал­май қираған ауыл­дың түтіні түзел­се, оған «елге оралған қан­дастар­дың да көме­гі бол­ды» дей­тін осы отан­ның бір бүй­ре­гін­де­гі біздің ауыл­дың әкі­мі «ура­зо­втар­дан» көш ілгері ақыл­ды аза­мат екен-ау!

P.S.: Осы біздің тағ­ды­ры омы­ра­у­лап, өткел бұзған исі қаза­қтың ауырт­па­лы­ғы аза­ятын күн бар ма?! Бар бол­са, телі­ген төл­дей қаң­сып, бір шөлі қан­бай; онсыз да қай­ғы­ның сызы­ғын тар­тып, қабағы аузы­на түс­кен қан­дастар­ды онан ары қамы­қты­ру – бұл билік­ке ман­дат болған ба?

Сон­да бұлар сол­түстік­тен ұлтқа төн­ген қатер­дің шетін біл­мей айта ма, әлде осы «ура­зо­втар» «бес сау­сақ жұмыл­са – жұды­рық, жеке тұр­са – қыл­ды­рық» деген­ді түсін­бей­тін топас түсінік­тің құлы­на айналған ба?

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

 

Comments

  Біз­де­гі шене­унік­тер шірі­ген жұмыр­тқа­лар ғой, бірі­нен-бірі өткен…

  Орал­ман­дар­ды тал­дап әке­лу керек дегені несі? Осы­ны айтқан адам­ның бес жасар бала ғұр­лы сана­сы жоқ екен. Балаға бауы­рын көр­сетіп, «мынау кім?» десең: «Ол менің бауы­рым» деп айта­ды ғой. Ал мына қасқа­ла­рың соны да айы­ра алмай отыр.

  Әй, осы­лар шыны­мен қаза­қтар ма өзі, жоқ әлде аспан­нан аяқта­ры сал­бы­рап түс­кен ино­пла­нет­тік­тер ме? Өздері Қаза­қстан аза­мат­та­ры ма, жоқ әлде шетел жан­сызда­ры ма? Осы­лар да отба­сы бар адам­дар ма, әлде жалғыз басты әтек­тер ме? Бұлар­да шөкім­дей ми бар ма, жоқ әлде су ми ма? Көкіре­гін­де жаны бар, тірі адам­дар ма, жоқ әлде робот па? Намыс бар ма өздерін­де, әлде бәрі сатқын­дар ма?

  Қан­дастарға осын­дай құр­сау салуы – Қаза­қстанға мүл­дем кел­тір­меу болып сана­ла­тын мақ­сат­ты түр­де­гі сая­сат екенін неге түсін­бей­міз? Өйт­кені Қаза­қстанға қазақ керек емес-ау бұларға? 

  Самиғол­ла Ора­зов дипло­мы жоқ сау­ат­сыздарға қараған­да, дипло­мы бар­лар­дың сау­ат­сызды­ғы қауіп­ті екенін дәлелдеді.

  Сау­ат­сыз дей ме? Ха-ха-ха, бұл сөзді айтып, өздерінің қан­ша­лы­қты сау­ат­сыз екенін біл­діріп отыр ғой… 

  Дәу­лет Арғын­ды­қов пен Самиғол­ла Ора­зов қаза­қ­пын деп қалай айта­ды екен өздерін? Қазақ бола тұра, Ана тілін мой­ын­да­маған адам­дар­дан нен­дей жак­сы­лық күту­ге бола­ды? Кеудесін­де намыс жоқ! Қаза­қ­ша ойла­мақ түгілі, екі ауыз сөздің басын қосып сөй­лей алмай­ды. Оны­сы­мен қой­май, орал­ман қаза­қтар­ды сау­ат­сыз деп қор­лай­ты­нын қайтерсің?! 

  Өз ана тілін біл­ме­ген надан депу­тат­тар өзге­лер­ді сау­ат­сыз деп қор­лай­ды. Масқа­ра! Өз басын­дағы боқты көр­мей, ел басын­дағы шоқты нұсқаған сор­лы­лар! Бұлар­ды мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен шек­те­ту керек.

  Бұл енді қаза­қты қор­ла­удың ең шыңы! Жал­пы мем­ле­кет­тік тіл­ді біл­мей­тін, сый­ла­май­тын адам­дар­ды өз басым доңы­здың қиы­нан, иттің еті­нен де жек көремін! 

  Самиғол­ла, сен ел алдын­да осын­дай сөзді ұял­май-қызар­май айтып тұрған өзіңді «сапа­лы қаза­ққа» жатқы­за­сың ба, әлде «сапа­сызы­на ма»? Сон­дай-ақ қаза­қтың сөзін жазу түгілі, өзінің ана­сы­ның, мем­ле­кетінің тіліне түк түсін­бей тұрған ҚР Ден­са­улық сақтау және әле­умет­тік даму вице-мини­стрі Дәу­лет Арғын­ды­қо­вты қан­дай қаза­ққа жатқызасың?

Сәке, орал­ман­дар­ды сапа­сыз қаза­ққа жатқы­за­мын деп әуре бол­май-ақ қой­саң­шы. Сапа­сыз қазақ керек бол­са, өз айна­лаң­нан ізде. Отба­сы­ң­нан ізде. Өзіңнің бол­мыс-біті­мің­нен ізде. Ондай сапа­сыз қазақ, мәң­гүрт қазақ, шала қазақ деген­дер төңіре­гің­де толып жүр­ген жоқ па? Әлгі 2 жарым мил­ли­он­нан аса­тын орал­ман қаза­қтар мен жұмыс­сыз жүр­ген қаза­қтар­дың көп­шілі­гінің сана­сы, талға­мы, ұлт­жан­ды­лық қаси­еті, ары, намысы сенің айна­лаң­да жүр­ген Дәу­лет сияқты қаза­қтар­дан он есе, жүз есе, мың есе, тіп­ті мил­ли­он есе артық екенін есің­нен шығар­ма! Жұрт­тың бәрін өз төңіре­гің­де­гілер­мен салыстырма! 

  Депу­тат­тар­дың өздерінің қан­ша­лы­қты сау­ат­ты екен­дік­терін тек­серіп көру керек.

  Ура­зов не уттайды? 

(Пікір­лер Abai.kz және qamshy.kz интер­нет-пор­тал­да­ры­нан алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн