Воскресенье , 13 июля 2025

МАНДАТТАН АЙЫРЫП, қылмыстық жауапқа тартсын!

Қасірет­ті хат

 

Ота­ны­на оралған ағай­ын­дар про­бле­ма­сын бел­сен­ділік­пен көтеріп жүр­ген қай­рат­кер ақын Ауыт Мұқи­бек жуы­қта ҚР пар­ла­мен­ті сена­ты мен мәжілісінің төраға­ла­ры Қ. Тоқа­ев пен Х. Жақы­по­вқа, ҚР Жоғарғы соты­ның төраға­сы Қ.Мәмиге төмен­гі­дей маз­мұн­да хат жолдады.

«13 ақпан күн­гі мәжілі­сте өткен «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне халы­қтың көші-қоны және жұмыспен қам­ты­луы мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» ҚР заң жоба­сы­ның тұса­у­ке­сер жина­лы­сын­да ҚР пар­ла­мен­ті мәжілісінің депу­та­ты Самиғол­ла Хам­за­ұ­лы Ура­зо­втың қан­даста­ры­мыз тура­лы «Қаза­қ­ша айтқан­да, саны бар да, сапа­сы жоқ. Кел­ген­дер­дің 70 пай­ы­зы жұмыс­сыздар­дың қата­рын толы­қты­ра­ды. Олар­дың саны біз де онсыз да 2 жарым млн-нан аса­ды», – деген сөзі жал­пақ әлем­ге жария болды.

Ал Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық кодексiнің 64-бабы­ның 1‑тармағында былай деп жазы­лған: «Әле­умет­тiк, ұлт­тық, рулық, нәсiл­дiк, дiни араз­ды­қты неме­се ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­руға, аза­мат­тар­дың ұлт­тық ар-намысы мен қадiр-қаси­етiн, не дiни сезiм­дерiн қор­ла­у­ға бағыт­талған қасақа­на iс-әре­кет­тер, сол сияқты аза­мат­тар­дың дiн­ге көзқа­ра­сы­на, тек­тiк-топ­тық, ұлт­тық, рулық неме­се нәсiл­дiк қаты­сты­лы­ғы бел­гiлерi бой­ын­ша олар­дың айры­қ­ша­лы­ғын, арты­қ­шы­лы­ғын неме­се кем­дi­гiн наси­хат­тау, егер осы әре­кет­тер көп­шiлiк алдын­да неме­се бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын пай­да­ла­на оты­рып жасал­са – бiр мың айлық есеп­тiк көр­сет­кiш­ке дей­iн­гi мөл­шер­де айып­пұл салуға, не екi жылға дей­iн­гi мерзiм­ге түзеу жұмыста­ры­на, не бес жылға дей­iн­гi мерзiм­ге бас бостан­ды­ғы­нан айы­руға жазаланады».

Сон­ды­қтан ұлт көш­бас­шы­сы Н.Назарбаевтың «Қан­даста­ры­мы­зға жол ашуы­мыз керек. Қаза­қтың жері кең. Орна­ла­са­мын деген жерін өзі таң­да­сын!» деген тап­сыр­ма­сы­на қар­сы­лық таны­тып, қан­даста­ры­мы­здың намысын тап­тап оты­рған мына­дай депу­тат­ты ман­да­ты­нан айы­рып, қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту­ла­ры­ңы­зды сұраймын!!!»

Ауыт МҰҚИБЕК

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн