Понедельник , 7 июля 2025

«Сырты бүтіннің…» ІШІ ТҮТІН ЕМЕС

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №07 (278) от 19 фев­ра­ля 2015 г

 

Ойдан-қыр­дан

 

Жаңа­лық

 

Аста­на теле­ар­на­сы жақын­да «Сыр­ты бүтін…» атты шағын фильм­дер цик­лын көре­рмен наза­ры­на ұсын­бақ­шы. «Отба­сы­лық дра­ма­лар­дың көре­рмен қызы­ғу­шы­лы­ғын туды­ра­ты­ны­на күмән кел­тір­мей­міз», – дей­ді жобаға қаты­су­шы­лар. Олар отан­дық теле­кеңістік­ті жау­лап алған ресей­лік арна­лар­дың осы бағыт­тас өнім­дері­мен бәсе­ке­ге түс­пек­ші. Арты­қ­шы­лы­ғы – «Сыр­ты бүтін…» өзі көте­ретін тақы­рып­тар­да қаза­қы мен­та­ли­тет­ті негіз етіп алады.

 

Екін­ші­ден, отба­сы­лық дра­ма­лар­дың кей­іп­кер­лері де нақты өмір­ден алы­нған. Үшін­ші­ден, фильм­дер­дің сюжетіне отба­сы­лық дра­ма­лар өзек болға­ны­мен, негіз­гі ой-түй­ін – өмір­де кез­де­сетін қателік­тер­ді бол­дыр­мау. Оқиға­лар мен кей­іп­кер­лер­дің шынай­ы­лы­ғы атал­мыш жоба­ның табыст­ы­лы­ғы­на негіз бола­ры анық. Аталған жоба­ның қою­шы-режис­сері Арнұр Ұбай­дул­лаұ­лы мұн­дай жоба­ларға таны­мал емес актер­лар­ды тар­тқан жөн деп есептейді.

– Біздің алды­мы­здағы негіз­гі мақ­сат – көре­рмен­ді сен­ді­ру. Кей­бір елдер­де мұн­дай жоба­лар­да өмір­де­гі кей­іп­кер өзін-өзі ойнап жата­ды. Біз­де өз өмірін каме­ра алдын­да ойнап беретін адам­ды табу қиын­дау. Сон­ды­қтан ондай экс­пе­ри­мент­ке бара қой­ған жоқ­пыз. Бұл жоба­да әр кей­іп­кер­дің ар жағын­да нақты бір адам­ның тағ­ды­ры, отба­сын­дағы кикіл­жің тұр. Сон­ды­қтан мұн­да енді ғана көрініп келе жатқан актер­лер­дің тар­ты­луы заң­ды­лық. Ал түр­лі рөл­дер­ге көп­шілік­ке таны­лып қалған кәсі­би актер­лер­ді тарт­сақ, олар­ды қабыл­дау, оларға сену қиын бола­тын еді. Жоба­ның «Сыр­ты бүтін…» деп ата­луы да талай нәр­сені аңғарт­са керек. Іші алай-дүлей болып, қан­ша күй­ін­се де, сыр­ты бүтін, күм­пиіп жүру­ге тыры­са­ды. Әсіре­се біздің халық… Сол іште­гі «түтін­ді», жиналған шер­ді «Сыр­ты бүтін…» арқы­лы көре­рмен­ге жет­кізіп жат­сақ, біз­ге одан артық қуа­ныш жоқ. Ол үшін бағ­дар­ла­маға хабар­ла­сып, өз тағ­ды­рын ортаға сала­тын көре­рмен­ді тың­да­уға әзірміз.

Режис­сер­дің айтуын­ша, әңгі­месі әсер­лі шыққан көре­рмен­нің өмірі «Сыр­ты бүтін­нің…» келесі сери­я­сы­на арқау болуы әбден мүм­кін. Әрине, көре­рмен­нің есім-сойы өзгер­тіледі, түсі­ру тобы­ның ықти­я­ры­мен жаңа деталь­дар, сюжет­тік бұры­лы­стар қосы­ла­ды. Бірақ өзек қала­ды. Өйт­кені бұл жоба­ның негіз­гі мақ­са­ты – көре­рмен­нің әр сери­ядан өзін танып, күй­бең тір­лік­те ұмыт бола бастаған мәң­гілік құн­ды­лы­қтар жай­лы ойлан­ды­ру. Басты бай­лы­ғы­мыз – жақын­да­ры­мыз бен отба­сы­мыз екенін кезек­ті рет еске түсіру.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн