Понедельник , 7 июля 2025

САБИНА сағат саудасын ҚЫЗДЫРДЫ

Жар­на­ма­дағы жәйт

 

  • Өткен жылы өзге­ше сұлулы­ғы­мен, қазақ аруы­на тән айры­қ­ша сүй­кім­ділі­гі­мен әлем­ге әлде­не­ше рет таң­дай қақты­рған волей­бол­шы Саби­на Алтын­бе­ков швей­ца­ри­я­лық «Ernest Borel» саға­ты­ның жар­на­ма­сы­на түсті. Тіп­ті Қытай­дың таны­мал on.cc cай­ты жар­на­ма сурет­терін жары­са жари­я­лаған болатын.

ОЙДАН САБИНА САГАТ САУДАСЫН КЫЗДЫРДЫБір қызы­ғы – Саби­на сұлу жар­на­маға түс­кен­нен соң, құны 10 мың АҚШ дол­ла­ры­нан тұра­тын «Ernest Borel» саға­ты сөй­леп кет­кен­дей әсер қал­ды­рған. Себебі сол жар­на­ма­дан кей­ін аталған сағат ақпан айын­да сауда­сы қызған өнім­нің қата­ры­на жайғасқан.

Ал біздің білуі­міз­ше, Саби­на бұл жар­на­ма­ның суретіне қаңтар айын­да түс­кен­ге ұқсай­ды. Өйт­кені спорт­шы «instagram» желісін­де­гі жеке парақ­ша­сы­на жар­на­ма­дағы суретінің бірін жүк­теп, «ескі фото» деп жариялаған.

Тіп­тен сол ескі фото­дағы қазақ қызы­ның сұлулы­ғы­на сұқтан­бай­тын ел бол­ма­са керек: оның бір­ден-бір көрінісі де – жуыр­да ғана АҚШ зерт­те­ушілері жари­я­лаған мәлі­мет бой­ын­ша, қаза­қтар бра­зи­ли­я­лы­қтар­ды артқа тастап, әлем­де­гі ең сұлу халық атанған. Бәл­кім, бай­лы­қтан батып-шығып жатқан швей­ца­ри­я­лық «Ernest Borel» біздің Саби­наға қолқа салуы да осы себеп­тен бол­са керек.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн