Понедельник , 7 июля 2025

КӘРІМДІ ЖӨНГЕ САЛУҒА құзырыңыз жететін шығар… 

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №08 (279) от 26 фев­ра­ля 2015 г.

 

Жанай­қай

 

Қаза­қстан Республикасы

пар­ла­мен­ті сена­ты­ның төраға­сы Қ. Тоқа­евқа хат

 

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Өзіңіз жақ­сы білесіз, атам қаза­қта «Жақ­сы­ның жақ­сы­лы­ғын айт, нұры тасысын. Жаман­ның жаман­ды­ғын айт, құты қаш­сын!» деген кере­мет сөз бар.

Басқа­ны былай қой­ған­да, Сіздің Сыр­тқы Істер мини­стрі, ҚР пре­мьер-мини­стрі болған жыл­да­ры­ңы­зда елба­сы жолға қой­ған Көші-қон сая­са­ты­ның дұрыс жүр­гізілуіне, алы­стан келетін қан­даста­ры­мы­здың шетел­ден виза рәсім­деу, елі­міз­ге келіп құжат­та­ну жағын­да сіңір­ген еңбе­гіңізді біз бұл күн­де сағы­на еске ала­мыз, аузы­мы­здың суы құрып айтып жүреміз.

Сіздің кәсі­би дипло­мат­ты­ғы­ңы­здың, қытай тіліне жетік­ті­гіңіздің арқа­сын­да көп кедер­гілер шешіліп, Шың­жаң­дағы этни­ка­лық қаза­қтар­дың Ата­жұр­тқа ора­луы­на жақ­сы жағ­дай жасал­ды, даңғыл жол ашылды…

Тіп­ті сол елде туып өскен, оқы­ған біздің өзі­міз Сіздің «Бела­су» атты кіта­бы­ңы­здың «Аспан астын­дағы дауыл» атты тара­уын оқы­ған­да барып, Қытай­дың біз­ге құпия болып кел­ген көп сырын біл­дік қой!

Үкі­мет басы­на К.Мәсімов  қалай кел­ді, ағы­лып жатқан ұлы көш дәри­я­сы солай суа­ла баста­ды. Келе салып, 1992 жылы 23 қыр­күй­ек­те қабыл­данған «Шетел­дер­де­гі қазақ диас­по­расы өкіл­дерінің Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да болған кезін­де әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жеңіл­дік­тер­мен қам­та­ма­сыз ету тура­лы» №791 қаулы­сы­ның күшін жой­ды. Үкі­мет жағы­нан әр жылы 20 мың отба­сы­ға деп бөлініп келе жатқан кво­та­ны пышақ­пен қиған­дай тоқтат­ты. Жаңаө­зен­нің жала­сын түгелі­мен орал­ман­дарға жап­ты. Итін Лон­донға дей­ін жүгір­тіп, қан­даста­ры­мы­зды қара­лат­ты. 2012 жылы 28 науры­зда №362 Қау­лы қабыл­дап, «Сот­ты­лы­ғы» және «Шығу парағы» деген пәлені ойлап тап­ты. 2011 жыл­дың 22 шіл­десін­де пре­зи­дент қол қой­ған, 16 тамы­здан бастап ресми қол­да­ны­сқа енген №478 «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне Халы­қтың көші-қоны мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» ҚР Заңын­да: «Сон­дай-ақ Қаза­қстан аумағы­нан кет­кен адам­дар мен олар­дың ұрпақта­ры­нан, егер олар тари­хи Ота­ны ретін­де тұрақты тұру үшін Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­на қай­тып оралған бол­са», – деген бат­пан­дай бап­ты жол орта­дан алып тастаға­нын алды­ңғы мақа­лам­да айтқан­мын. Кей­ін Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы­ның кезек­ті бір жина­лы­сын­да елба­сы­ға жазу­шы Смағұл Елу­бай арқы­лы айтқы­зып, «түсіп қалған» мәтін­ді 17 күн­де қай­та қал­пы­на келтірттік…

Қай­сы халық екені қапе­лім­де есі­ме түс­пей отыр, семіз бұқа­ның арқа­сы­на атпен келіп, най­за сұғып ойнай­тын; қан­сы­рап жатқан жану­ар­ды көріп, мәз бола­тын; ләз­зат ала­тын бір ұлт болу­шы еді ғой. Мына К.Мәсімов та құд­ды сол секіл­ді, шет­тен келетін қан­даста­ры­мы­здың алды­на алын­бас қамал­дар­ды қой­ып, құжат­та­на алмай шулап, жылап еңіреп жүр­генін көріп, жаны содан тоят таба­тын, рақат­та­на­тын, іштей мәз бола­тын көрінеді.

Жүз жасағыр ардақты Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы «Қан­даста­ры­мы­зға жол ашуы­мыз керек. Қаза­қтың жері кең. Орна­ла­са­мын деген жерін өзі таң­да­сын!» деп, Қазақ көшін бұры­нғы арна­сы­на сал­мақ болып, тап­сыр­ма беруін ғой, бер­ді! Сол заң жоба­сын қазір мәжіліс талқы­лап жатыр. Алла қала­са, жақын­да сенатқа да барады.

Бірақ ана атаңа нәлет ЕКІ АНЫҚТАМА бұл Заң аясын­да емес, тек Үкі­мет қаулы­сы арқы­лы күшін жояды, не өзгер­тіледі екен. Бес бір­дей сена­тор хат та жаз­ды, Кәрім Қажы­мқанұ­лы өзгер­пей, әлі қаса­ры­сып отыр.

Егер осы екі кедер­гі алдағы жер­де көшіп кел­ген қан­даста­ры­мы­здан тағы талап етіл­се, бес, әлде онын­шы мәр­те қай­та­ла­у­ым шығар бұл – қос пала­та­ның мақұл­даған заңы­ның құны көк тиын бол­мақ! Сіз­дер­дің есіл еңбек­теріңіз сел­ге кет­пек! Елба­сы­мы­здың тап­сыр­ма­сы дала­да қалмақ!!!

Осы №111 Қаулы­дағы ЕКІ АНЫҚТАМА құжат­ты шетел­ге шыға­тын аза­мат­та­ры­на Қытай үкі­метінің бер­мей­тінін, ол тура­лы арнайы қабыл­данған заң-ере­же­лерінің бар екенін К.Мәсімов өте жақ­сы біледі. Бірақ өзгер­ту­ге, қаза­қтар­дың келуіне жол ашуға тым ынта­лы емес. Және де Ұлт Көш­бас­шы­сы  Н.Назарбаевты қаза­ққа қар­сы қой­ғы­сы келеді. Алы­стағы ағай­ын­ды Ата­жұр­ты­на орал­тқы­сы жоқ! Қаза­қтың саны­ның көбе­юін жаны қала­май­ды. Одан өзге себебі жоқ!!!

Сон­да бұл жігіт бір емес, екі мәр­те Үкі­мет басы­на әкел­ген біл­дей пре­зи­ден­тін тың­да­май­тын, аямай­тын, «Қан­даста­ры­мы­зға жол ашуы­мыз керек!» деген тап­сыр­ма­сын орын­да­май­тын болға­ны ма?!

Қай­да әлгі «Сіздің адал көмек­шіңіз болған­мын, қазір де солай, бола­шақта да болып қала бере­мін!» дегені?! Сон­дағы «адал­ды­ғы­ның» түрі осы ма?! Оған не дауа өзі?!

Уәж­деріне қараған­да, Үкі­мет «ЕКІ АНЫҚТАМА» құжат­ты шет­тен келетін қан­даста­ры­мы­здан «Мем­ле­кет­тік және қоғам­дық қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету мақ­са­ты­на» талап етіп отыр екен.

Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның тарихын­да Үкі­мет басқарған жалғыз К.Мәсімов емес! Ала­штың аймаң­дай ұлда­ры кезек-кезе­гі­мен бұл сала­ны ұршы­қ­ша үйір­генін біз жақ­сы білеміз.

Сонау С.Терещенко (1991–1994), Ә.Қажыгелдин (1994–1997), Н.Балғымбаевтардан (1997–1999) бастап, Қасым-Жомарт Кемелұ­лы (1999–2002), Өзіңіз, кеше­гі Иманға­ли Тасмағам­бе­тов (28.01.2002–11.06.2003) пен Д.Ахметовке (2003–2007) дей­ін алыс-жақын шетел­дер­ден тып-тыныш, жым-жырт келіп Қаза­қстан аумағы­на қоны­ста­нып жатқан орал­ман­дар, бүгін К.Мәсімов үкі­мет басы­на кел­ген­де, аяқ-асты­нан АТА ЖАУ болып шыға кел­гені ме?! Қазақ Елінің «Мем­ле­кет­тік және қоғам­дық қауіп­сізді­гін» бүл­ді­ре қой­ып па?!

Айты­ңыз­шы, Сіз өз қан­даста­ры­ңы­зды осын­ша­ма қор­ла­туға, арын тап­та­туға қалай шыдап тұра аласыз?!

Дана Нұре­кең қан­даста­рын бола­шақтағы сол «Мем­ле­кет­тік және қоғам­дық қауіп­сіздік­ті» сақтау мақ­са­тын­да шақы­рып оты­рған жоқ па?!

Шет­те тары­дай шашы­рап жүр­ген қан­даста­ры­мы­здың ұлта­ра­лық достық пен қоғам­дық тыны­шты­қты сақта­удағы сау­ат­ты­лы­ғы мен еңбе­гіне тіп­ті Елба­сы­мы­здың өзі дән риза! Сен­бе­сеңіз, видео-жаз­ба­ны көріңіз. Сол қаза­қтар сол дең­гей­і­нен жоға­ры­ла­ма­са, еш төмен­де­ген жоқ әлі.

Міне, мерзі­мі­нен бұрын пре­зи­дент сай­ла­у­ын өткі­зу тура­лы ұсы­ныс айты­лып жатыр. Сон­да тұрақты тір­ке­у­ге тұра алмай, не аза­мат­ты­ққа қолы жет­пей, қан­даста­ры­мыз тағы шулап жүр­се, Елба­сы­мы­здан ұят емес пе?! К.Мәсімов шімірік­пе­гені­мен, ұят­тың оты­нан біздің беті­міз күй­іп барады…

Сон­ды­қтан, құр­мет­ті Қасым-Жомарт Кемелұ­лы, Сіз­ден өті­нері­міз біреу-ақ: мына «ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨЛҚҰЖАТ БЕРУ ТӘРТІБІ» мен «ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢЫН» оқып, ана «бауы­ры­ңы­зға» жаз­ба­ша түсін­діріп бер­сеңіз ғана болға­ны! Осы­ған шамаңыз жететін шығар!..

Ауыт МҰҚИБЕК,

ақын,

Аста­на

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн