«Общественная позиция»
(проект «DAT» №09 (280) от 05 марта 2015 г.
ИРАН-ҒАЙЫП
САЙЛАУҒА БАР, ҚАЗАҒЫМ…
* * *
( Сыйыну )
Көзінде –
Нұр,
Көкірегінде –
Жарық Күн:
Алыптығым –
Күйін кешкен Ғаріптің.
Өз Қолы –
Өз Жағасына жармасып,
Өзін-Өзі –
Өлімші еткен Халықпын!
Тақтан тайдым,
Тағдырға бас имедім,
Азып-тоздым –
Ауру тістей сиредім.
Ділден-Тілден –
Безіп қаштым…
Алайда,
Жоғалмадым –
Жоңғар кебін кимедім…
Діңім шіріп,
Қуарар ма ед пәлегім –
Оралмаса
Көшкен жасыл Әлемім?!
Құрсан қылған
Құдіретіне Құдайдың –
Бүгініме:
«О, Иншалла!» дер едім!
Шүкір?!
Тәубе!
Бүтін тұтас Халқым бар –
Тапқан Бостан
Тәуелсіздік қалпын зар:
Қарықтырып
Күллі Әлемнің жанарын,
Жай оғындай жарқылдайды
Алтындар!
Алға бастап
Абыройлы әр ісім,
Бас пен Жақтай –
Тату –
Жақын-Алысым!
Он саусағым
Жұмылғанда –
Жұдырық:
Орыс,
Татар,
Ұйғыр,
Неміс,
Кәрісім…
… Бар!
Бар!
Түгел –
Төрт Құбылам –
Пәрменім!
Құштым Сәби,
Жұттым ыстық
Жар демін!
Туылғандар –
Туған Елдің бағына –
Парламентім –
Президентім бар менің!
Жарылқай бер,
Жаратушы-Тәңірім?!
Жоғым- Барым –
Бәрі –
Өзіңнің Әмірің!
Тезге көнбес
Тасыр
Таудай Талысты –
Сыйғызасың
Қауызына Тарының!
О, Иншалла!
Қолда,
Қорға,
Бір Алла?!
Үш Мыңыншы –
Кезең күтіп тұр алда!
Қанатымен
Күн көтерген қайыспай,
Қазақстан –
Айналғай Хас-Қыранға?!
Уа,
Бір Алла…
* * *
«Дос – жылатып айтады…» –
Халық Даналығы.
Жылап –
Айтам…
Жылатайын –
Демеймін,
Іштен –
Шалып,
Құлатайын –
Демеймін!
Қорғап,
Дәйім,
Тіл мен Көздің –
Сұғынан,
Төнбек –
Тосын:
Нәубет-Нәлетін –
Бөгеймін!
Білем!
Білем:
Дүние –
Жалған…
Бекерін!
Сенен дағы,
Менен дағы –
Өтерін!
…Күннен –
Жарық,
Айдан –
Анық,
Аға-Дос:
Жүзден –
Жүйрік,
Мыңнан –
Тұлпар екенің!
Соның –
Үшін,
Қонған Бағың –
Басыңа,
Болмасын деп,
Ел Сорымен –
Ашына:
Күндіз-Түні,
Жалбарынам –
Тәңірге,
Ерік –
Беріп,
Көзден аққан –
Жасыма…
* * *
Рас,
Кейде…
Үрей билеп –
Ойымды,
Күндіз –
Күлкі,
Түнде –
Ұйқымды қашырад:
Илла-Алла-лап,
Тіктеп келем –
Бойымды,
Ел қатарлы –
Өзімді өзім асырап…
Мақұл-Жанмын –
Бұйрық-Нәсіп-Мәзірге:
Көкке –
Тойып,
Қайтқан Малдай –
Өрістен!
…Күн-Көрісім –
Бір кем емес… әзірге,
Көрші-Қолаң –
Ұйғыр…
Орыс,
Кәрістен!
Бекер,
Текке,
Көнбіс-Көңілім –
Жұтар ма,
Дүние-Боққа,
Білем,
Билік –
Тоймасын:
Ала-Қапты,
Алуан-Гәпті –
Қытайға,
Қор болмасын
Деймін дағы –
Қой-Басым…
14.02.2015
* * *
«Мен-Мен»-ге.
«Мен!»!
«Мен!»!
«Мен!»!
«Мен!»!
«Мен!»!
«Мен!»:
Сенің –
«Мен-Менің»!
Менің –
«Менімнің»,
Білемісің –
«Өлгенін»?!
Мен де –
Сендей:
Жан-Жүректі –
Жұмыр-Бас,
Егіз-Бүйрек –
Ер-Жыныс,
Жәй –
Пендеміг…
…Менің –
«Менімді»,
Неге –
«Өлтірдің»,
Нән-Адам?!
Мен де –
Сендей:
Туғам –
Һауа-Анадан!
Құдай –
Хақтың,
Құлақ-Кесті –
Құлымын:
Адам-Ата
Кіндігінен –
Тараған!
Мен де –
Сендей:
Қаз-Дауысты –
Қазақпын!
Мен де –
Сендей:
Ғаламатпын!
Ғажаппын!!
Мен де –
Сендей:
«Желтоқсанда» –
Қан жұтып,
Бостандығын –
Алған,
Мәңгі –
Азатпын!!!
Менің –
«Менімді»,
Неге –
«Өлтірдің»,
Неліктен:
Айырасың,
Азаматтық –
Еріктен?!!
* * *
Рәтбек-Балдызыма.
«Ит –
Болдырса,
Үред!
Адам –
Болдырса,
Күлед!»!
Ақын –
Болдырса,
Қайтерін:
Кәні,
Кімің –
Білед?!
Күлем!
Күлем!
Күлем!
Күліп,
Қатты –
Сілем:
Жандайшап пен
Жағымпаз,
Жемқор,
Жебір –
Кілең!
Сүргін –
Ала-Шапқын:
Ыңғай –
Сұмпай,
Сатқын…
…Жез бен
Мысы –
Сан-Құбыл:
Алтын –
Тәж бен Тақтың…
14.02.2015
* * *
Уай,
Бастығым?!
Бастығым!
Есіңде ме,
Аш-Күнің:
«Ит-Күркеңде» –
Ұйлығып,
Ұлыйтыны –
«Қасқырың»?!
Жоқ-Нәрсеге –
Уанып,
Қолға –
Қызыл Ту алып,
Қаңғып-Қаңғып:
Бос-Құрсақ –
Жататын Шақ,
Бұралып…
Бір –
Кездергі:
Қара-Нан,
Қара-Суға –
Зар-Адам?!
Бүгін:
«Жұтқын-Мүсінсің»,
Құйылған
«Нән –
Қоладан»?!
Жүрегің –
Жоқ!
Жаның –
Жоқ!
Құнарың –
Жоқ!
Қаның –
Жоқ!
Діннен,
Ділден –
Жұрдайсың!
Иманың –
Жоқ!
Арың –
Жоқ!
Обыр-Өңеш –
Кегейсің!
Қоғамыңа –
Өгейсің!
…Қиратсын ба,
Құлатып:
Тәуен-Жұртқа,
Не –
Дейсің?!
15.02.2015
* * *
Бір Ініме.
Қатқан Қара –
«Бала» едің,
Со Кезден-ақ,
«Шала» едің:
«Тақпақ» –
Деуші ең,
Өлеңнің,
Ұқпаушы едің –
Әлемін.
Жандайшауып –
Жүруші ең,
Жәреукелеп –
Күлуші ең.
«Зәр жіберіп» –
Бұтыңа,
Зымыстанып –
Тұрушы ең…
…Ақыл-Пайым –
Шарқың да,
Парасатың,
Парқың да –
Нәсіп-Талтаң,
Сой-Кердең,
Сол –
Күйің:
«Таз-Қалпында».
Бүгін,
Нойыс –
Зордайсың,
Билік қазған –
«Ордайсың»:
«Ет-Жақының» –
Еместі,
Елден шеттеп –
Қорлайсың.
Ақиығы –
Алтайдың,
«Жолын» –
Қудым,
Нартайдың:
«Іш-Дәретіңді» –
Бұздық па,
Жапаландың –
Жалпайдың…
«Бақа»,
«Пірәлі» –
Қатарлы,
Еттім –
«Жетес-Атаңды»:
«Ділің» –
Неткен берік-ті,
«Дінің» –
Қандай қатал-ды.
«Қорқыт-Түбіңді» –
«Қаздым»,
Мен,
«Жалаңтөсіңді» –
Мән-Мазмұнмен…
«Тұрмағанбетің»…
«Махамбет»…
…Неден –
Жаңылып…
«Жаздым»,
Мен…
Шығармастан –
Төріме,
Жолатпастан –
Жеріме:
Тірідейін –
«Өлтіріп»,
Тығардайсың –
«Көріме».
Тақта отырған –
«Пілдейсің»,
Зіркілдейсің,
Зілдейсің:
Өзі –
Өлсе де,
«Ғайыптың»,
Сөзі –
Өлмесін,
Білмейсің.
Тау шөктіріп –
«Салмағың»,
Нөңсіп,
Жоқтай –
Арманың…
…Үйтіп –
«Жүнім-Жұрқамды»…
Бүйтіп,
Әкім –
Болғаның…
* * *
(Қазақы-Өлең)
Көппен –
Бірге:
Қотандасып-Ілбимін,
Кептелісем –
Ұйлығыса-Итініп.
Итерісіп,
Маужыраймын –
Мүлгимін,
Көрінбейтін
Күн-Шоғына –
Үйтіліп…
…Қиялымның
Түп-Тереңін –
Бойлаймын:
«Жүріп –
Келе жатырым…» –
Деп,
Ойлаймын…
15.02.2015
* * *
Өлерменге.
Табиғи-Апат:
Аспани-Зауал,
Жер-Індет,
Рухани-Соқыр,
Надани-Керең –
Пақырсың!
Тірі –
Күйіңде:
Өзіңді –
Өзің кебіндеп,
Өз Көріңді –
Өзің…
«Лақаттап» –
Қазып жатырсың…
16.02.2015
* * *
( Аксиома )
Машһар-Күніме,
Ақырет-Түбіме –
Сұранып:
Халқым –
Ханыма,
Ханым –
Халқыма…
Лайық!
…Бірі:
Шын –
Құдайға,
Пендеауи –
«Серік» қосады,
Бірі:
Жалған –
Құдайланып,
Хайуани –
«Солық» басады…
17.02.2015
* * *
«Заманға жаман күйлемек» –
Абай.
«Заманға –
Жаман күйледі!» –
Деп…
Жылама?!
«Күйлеп,
Жеке –
Биледі?!» –
Деп…
Жылама!
Айтсын –
Абай…
Абай –
Айтты екен деп,
Заман,
Сонда,
Бір Орнында –
Тұра ма!
Билесін –
Ол!
Батпасын –
Де,
Күнәға?!
«Енді,
Қанша –
Күйлемек?!» –
Деп,
Сұрама!
…Бәрін!
Бәрін:
Құдай,
Өзі –
Жөндейді…
Құр –
Бекерге,
Көзің Жасын –
Бұлама!
* * *
Не –
Жоқ дейсің,
Әлемде:
Құпия-Тылсым –
Жоспарлы,
Халықаралық –
Көлемде,
«Спектакль» –
Басталды!
Бағын –
Баянды етпекші,
Елдің –
Соры қайнады:
«Күні бұрын –
Өтпекші,
Президент –
Сайлауы?!»!
«Келісімін –
Бере ме,
Бермейді ме –
Ел Басы?!»:
Келтірмейтін –
Келеге,
Құйтұрқылық –
Жалғасы!
«Шірік-Басы –
Балықтың»,
Бәз-Баяғы –
Баяғы:
«Қарыны ашса –
Халықтың,
Хан –
Түйесін сояды!»!
«Жүк» –
Түскен соң,
«Иығына»,
Береді –
Ол…
«Келісім»:
Мәгәс,
Мәңгүрт,
Миғұла –
Сені менен,
Мен үшін!
Жақынның да
Алыстың,
Қандырады –
«Айызын»:
Алып,
Берген –
«Дауыстың»,
99 –
Пайызын!
«Кім –
Болады,
Келесі –
«Алтын-Тақтың» –
Қонағы?!»:
Өй,
Көргенсіз,
О,
Несі?!
…Әрине,
«Өзі» –
Болады!
22.02.2015
* * *
Сайлауға бар,
Ағайын,
Сайлауға бар:
Бүгінің –
Ертеңіңді ойлауға бар!
Бүгінің жақсы болса –
Тойлауға бар,
Ертеңің жаман болса –
Қоймауға бар!
Сайлауға бар –
Болмайды бармасыңа,
Қоймауға бар –
Қоренді
Ел Басына?!
Өз Дауысыңды –
Өзің бер,
Өктемдіктің
Алданба –
Амалына-Айласына!
Өзің бер –
Дауысыңды әз Қалауыңа,
Айналма –
Жыртық Тонның жамауына?!
Жол берме –
Жан-Тәніңді қанауына,
Үстемсіп –
Рухыңды тонауына?!
Сайлауға бар –
Қалайда
Даусыңды бер,
Ханнан тұл
Қарашыға аусын жігер:
Ми-Жазықта
Мастанған пәс Төбешік,
Қайта қонса Тағына –
Таусып жүрер…
Сайлауға бар –
Нең қалды бармайтындай,
Бармасаң –
Адам түрің қалмайтындай:
Хайуан-Күйісінен
Танбайтындай –
Түп-Тұқиян-Түгеліңмен
Жалмайтындай!
…Сайлауға бар,
Қазағым,
Сайлауға бар:
Енді не істеу керегін –
Ойлауға бар!
Бармасаң:
Елің –
Жетім,
Жерің –
Жесір,
Отаның –
Отың-Басы ойран болар!
Сайлауға бар,
Қазағым…
* * *
( Ішкі Диалогтар )
– Сайлау –
«Марафонында»:
Жететін –
Кім…
Жеңіске?!
– Қалатын –
Кім…
Соңында?!
Жамбыл ма,
Әлде,
Мэлс пе?!
– Берілетін –
Әр Дауыс:
«Алтын-Таққа» –
Байғазы…
– Тәңір-Сыйы» –
Таң-да-ныс:
Бәлкім,
Амантай –
Қ-а-ж-ы…
01.03.2015
* * *
Қоғамыма –
Сай болмадым,
Демеймін.
Кедей болдым,
Бай болмадым,
Демеймін.
Қызметін –
Қылғызбады,
Демеймін.
Қуғындап,
Аһ –
Ұрғызбады,
Демеймін.
Аяғымды –
Бастырмады,
Демеймін,
Ауызымды –
Аштырмады,
Демеймін.
Дейтінімді –
Дей алмадым,
Демеймін.
Дегенімнің,
Уайымын –
Жемеймін.
Не –
Десем де,
Дедім –
Жаным-Тәніммен.
Не –
Жазсам да,
Жаздым –
Жүрек-Қаныммен.
Әз-Халқымның –
Қазақтығын,
Жырладым.
Ғажаптығын –
Азаттығын,
Жырладым.
Тұзым –
Сор да,
Еңбегім –
Еш,
Дей алман.
Бүгінім –
Үшін:
Ертеңімнен –
Ұялман.
Ақындықтың,
Ақыретін –
Тарттым,
Мен.
Өміріме,
Өлім Жүгін –
Арттым,
Мен…
…Өз Елімде,
Күйін кештім –
Өгейдің,
Дей алмаймын.
Бұдан –
Басқа:
Не –
Деймін!
* * *
( Эпилог орнына )
Сөз-Жұпарың –
Бұрқырап,
Хоштанасың,
Өлеңім:
Шыбын-Жаным –
Шырқырап,
Шынға –
Айнала…
Беремін!
Қанамнан –
Тыс,
Жеңілдеп,
Жалғанға –
Бас имедім:
Көметұғын –
Кебіндеп,
Шыным –
Сенсің,
Сүйгенім!
Бақ-Бапсыз –
Сор-Маңдаймын,
Тағдыр
Уы –
Татқаным!
…Ажалымның,
Аңдаймын:
Қайдан –
Келе жатқанын…
Келеді –
Ажал…
Маңыстап,
Келіп,
«Өлшеп-Пішеді»:
Мені,
Саған –
Табыстап,
Өзі,
Көрге –
Түседі!
…Сөз-Жұпарың –
Бұрқырап,
Хоштанасың,
Өлеңім…
01.03.2015