Понедельник , 7 июля 2025

Президент қылмыскерге ҚАЙЫРЫМ ЖАСАДЫ

ҚР Қар­жы мини­стр­лі­гінің Кеден­дік бақы­лау коми­тетінің экс-бас­шы­сы Серік Бай­маған­бе­то­втың жаза мерзі­мі пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың рақым­шыл­дық тура­лы жар­лы­ғы­мен 2 есе­ге қысқар­тыл­ды, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ тілшісі.

«Қараған­ды­ның Қазы­бек би аудан­дық соты­ның 2015 жылғы 4 ақпан­дағы қаулы­сы­мен Серік Бай­маған­бе­тов мез­гілі­нен 1 жыл 11 ай 29 күн бұрын шар­тты түр­де боса­тыл­ды», – деп мәлім етті Қараған­ды­ның Қазы­бек би аудан­дық соты­ның бас­пасөз хат­шы­сы Әлия Жоше­ва сей­сен­бі күні. Оның айтуын­ша, бұдан бұрын ҚР пре­зи­ден­тінің 2014 жылғы 9 қыр­күй­ек­те­гі рақым­шыл­дық тура­лы жар­лы­ғы­мен                 С.Баймағанбетовтың жаза­сы 10 жыл­дан 5 жылға дей­ін қысқартылды.

2015 жылғы қаңтар­да С. Бай­маған­бе­тов жаза­сын жеңіл­де­ту тура­лы өтініш бер­ген. Атап айтқан­да, ол әлі өтел­ме­ген жаза күн­дерінің әр күні үшін 1 АЕК мөл­шерін­де­гі айып­пұл төле­умен алма­сты­ру­ды сұраған. Ол айып­пұл шама­мен 360 мың тең­ге бола­тын.            С.Баймағанбетов бостан­ды­ққа биы­лғы 20 ақпан­да шықты. Ол Қараған­ды облы­сын­дағы құқық қорғау орган­да­ры­ның қыз­мет­кер­леріне арналған түр­ме­де отырған.

Еске сал­сақ, С. Бай­маған­бе­тов аса ірі мөл­шер­де пара алған деп айып­талған және 2013 жылы 8 қаңтар­да Аста­на­ның ауда­на­ра­лық қыл­мыстық істер жөнін­де­гі маман­дан­ды­ры­лған соты­мен ҚР ҚК 311‑б. 5‑т. бой­ын­ша айып­та­лып, мүл­кі тәр­кі­леніп, жаза­сын қатаң тәр­тіп­те­гі коло­ни­яда өтей­тін­дей, 10 жылға сот­талған. Оның үстіне ол 7 жылға дей­ін мем­ле­кет­тік қыз­мет­те істеу құқы­ғы­нан айрылды.

Қаз­ТАГ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн