Понедельник , 7 июля 2025

Тасмағамбетовтың КҮЙЕУ БАЛАСЫ ірі банкир атанды

Биз­нес­мен Кеңес Рақы­шев «БТА Банк» акци­я­ла­ры­ның қалған пакетін «Қаз­ко­мға» сат­ты және екі банк­тің бірі­гу үдерісінің аясын­да «Қаз­ком­ның» ірі акци­о­неріне айналды.

«Қаз­ком» Кеңес Рақы­шев­тен бір акция үшін 0,24162 тең­ге баға­сы бой­ын­ша «БТА Банк­тің» 304 187 299 781 жай акци­я­сын сатып алды. Осы­ның нәти­же­сін­де «Қаз­ком­ның» «БТА Банк­те­гі» үлесі 47,415%-дан 94,83%-ға өсті. «Самұрық-Қазы­на» қоры­нан сенім­гер­лік басқа­руға алы­нған акци­я­лар­ды (4,26%) есеп­ке ала­тын бол­сақ, «Қаз­ком» «БТА Банк­тің» 99,09% жай акци­я­сы­мен дауыс беру мүм­кін­ді­гіне ие бол­ды», – делін­ген сей­сен­бі­де тара­ты­лған ККБ бас­пасөз парақшасында.

Соны­мен қатар осы­ған дей­ін жари­я­ланған ҚКБ жай акци­я­ла­рын орна­ла­сты­ру шара­сы­ның аясын­да Кеңес Рақы­шев мыр­за бір акция үшін 575,2 тең­ге баға­сы бой­ын­ша «Қаз­ком­ның» 127 777 704 жай акци­я­сын сатып алды және қажет­ті рет­те­уші рұқ­сат­тар­ды ала оты­рып, «Қаз­ком­ның» жаңа ірі акци­о­нері атанды.

ҚКБ жай акци­я­ла­рын акци­о­нер­лер мен инве­стор­лар ара­сын­да орна­ла­сты­ру нәти­же­лері бой­ын­ша акци­о­нер­лер­дің – жай акция ұста­у­шы­лар­дың құра­мы келесі­дей: «Орта­лық Ази­я­лық инве­сти­ци­я­лық ком­па­ния» – 23,27%, Нұр­жан Суб­хан­бер­дин – 18,64%, «Alnair Capital Holding» АҚ – 28,08%, «Самұрық-Қазы­на» – 10,72%, К. Рақы­шев – 16,02%, мино­ри­та­рий – 3,27%.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн