Понедельник , 7 июля 2025

Тағы бір генерал ТҰТЫЛДЫ

Қыл­мысты Қазақстан

 

Алма­ты қар­жы поли­ци­я­сы­ның бұры­нғы бас­шы­сы гене­рал Әмір­хан Аман­ба­ев ұстал­ды, деп хабар­ла­ды Аста­на­ның құқық қорғау орган­да­рын­дағы дереккөз.

«2 науры­зда сағат 20.00 шама­сын­да Алма­ты­да ұйым­дасқан қыл­мыстық топ­ты (ҰҚТ) басқарған деген күдік­пен гене­рал-май­ор Әмір­хан Аман­ба­ев ұстал­ды», – деді сұх­бат­та­су­шы агент­тік­ке сей­сен­бі­де. Бұл рет­те ол 55 жасар Ә. Аман­ба­ев­ты ұстаған кез­де оның ден­са­улы­ғы күрт нашар­лап, жедел жәр­дем шақы­ры­лға­нын айтты.

Дереккөз ақпа­рын­ша, Ә. Аман­ба­ев қар­жы поли­ци­я­сы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет және сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гі болып қай­та құры­лған соң, Бас про­ку­ра­ту­ра депар­та­мен­тінің басты­ғы қыз­метіне тағай­ын­далға­нын айтты.

«Ағым­дағы жыл­дың ақпан айын­да жалған кәсіп­кер­лік­пен айна­лы­сқан, ҰҚТ құрған деген күдік­пен оның бұры­нғы қол астын­дағы­ла­рын Алма­ты қала­сы бой­ын­ша эко­но­ми­ка­лық және жемқор­лық қыл­мыспен күрес депар­та­мен­тінің қыз­мет­кер­лерін ұстаған­нан кей­ін күдік­ті мәлі­мет­тер шыға баста­ды, ал Әмір­хан Тапа­шұлы­ның жақын адам­да­ры бұры­нғы басты­қта­ры­на қар­сы ақпар­лар бер­ді. Сөй­тіп Аман­ба­евқа Бас про­ку­ра­ту­ра­дағы жоға­ры лау­а­зы­мы­нан өз еркі­мен кетуіне тура кел­ді», – деп толы­қтыр­ды сұхбаттасы.

Ал сей­сен­бі күні Қаз­ТАГ таратқан хабарға қараған­да, Аман­ба­ев­тың ісіне қаты­сы бар деген күдік­пен Орал қала­сы про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры Аман­гел­ді Бей­сем­ба­ев та ұстал­ды. Ол бұған дей­ін Аман­ба­ев­тың орын­ба­са­ры қыз­метін атқарған тұста қыл­мыстық топ­та ықпал­ды тұлға болған деген күдік бар.

Әр жыл­да­ры Ә. Аман­ба­ев Қоста­най және Қараған­ды облы­ста­ры­ның про­ку­ро­ры, ҚР Әділет мини­стр­лі­гінің тір­кеу қыз­меті және құқы­қтық көмек көр­се­ту коми­тетінің төраға­сы, әділет мини­стрінің орын­ба­са­ры болған. 2012 жыл­дың ақпа­ны­нан бастап Алма­ты қала­сы бой­ын­ша эко­но­ми­ка­лық және жемқор­лық қыл­мыспен күрес депар­та­мен­тінің басты­ғы болған. 2014 жыл­дың күзін­де эко­но­ми­ка­лық және жемқор­лық қыл­мыспен күрес агент­ті­гінің қай­та құры­луы­на бай­ла­ны­сты Бас про­ку­ра­ту­раға жұмысқа ауысқан.

Еске сал­сақ, 2015 жыл­дың ақпа­нын­да Алма­ты­да ұйым­дасқан қыл­мыстық топ мүше­лері ұсталған еді. Ол ұзақ уақыт бойы мем­ле­кет­тік орган­дар­дағы лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың, соның ішін­де қар­жы поли­ци­я­сы­ның бұры­нғы қыз­мет­кер­лерінің бүр­ке­ме­ле­уі­мен жалған кәсі­по­рын­дар құру арқы­лы ақша­лай қара­жат­ты қол­ма-қол ақшаға айнал­ды­ру­мен айна­лы­сып кел­ген. ҰҚТ қаты­су­шы­ла­ры 20 жалған кәсі­по­рын құрған, 2012 жыл­дың қаза­ны­нан бастап 2014 жыл­дың жел­тоқ­са­ны ара­лы­ғын­дағы олар­дың айна­лы­мы 60 мил­ли­ард тең­ге­ден астам болған, ал олар­дың қыз­меті­нен бюд­жет­ке төлен­бе­ген салық түрін­де­гі шығын Т4 млрд-тан асқан. Сотқа дей­ін­гі тек­се­ру аясын­да ҰҚТ 8 қаты­су­шы­сы Алма­ты ІІД уақыт­ша ұстау изо­ля­то­ры­на қамал­ды. Олар: С. Ильин, В. Федо­тов, Б. Бауди­нов, Т. Кари­мов, А. Зуба­рев, Д. Абди­ев, Р. Есен­жа­нов және Н. Шаукеров.

Біз газет­тің алдағы сан­да­рын­да атал­мыш қыл­мыстық топқа қаты­сты жур­на­ли­стік тек­се­рудің нәти­же­сін жари­я­лай­тын боламыз.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн