Понедельник , 7 июля 2025

АЛПАУЫТҚА алпыс миллион АЙЫП ЕМЕС

 

Аста­на­ның №2 Есіл аудан­дық соты­ның судья­сы Айбек Әмірға­ли­ев ҚР Спорт және дене шыны­қты­ру ісі жөнін­де­гі агент­тік төраға­сы­ның бұры­нғы орын­ба­са­ры Аза­мат Тума­та­евқа жеке мүл­кін тәр­кілей оты­рып, Т60 млн көле­мін­де айып­пұл салу тура­лы үкім шығар­ды, деп хабар­ла­ды агент­тік тілшісі.

«Тума­та­ев Аза­мат Саму­ди­но­вич ҚР ҚК 366-бабы 2‑бөлімінда қарас­ты­ры­лған қыл­мысты жасаға­ны үшін айып­ты деп таныл­сын және оған пара сома­сы­нан 60 есе көлем­де, яғни 60 мил­ли­он тең­ге көле­мін­де айып­пұл өндіріліп, жеке мүл­кін тәр­кілей оты­рып, 7 жылға дей­ін мем­ле­кет­тік қыз­мет және жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­рын­да қыз­мет атқа­ру құқы­ғы­нан айы­рыл­сын», – деді А.Әмірғалиев сей­сен­бі­де үкім­ді жария етіп тұрып.

«Қамау түрін­де­гі бұл­тарт­пау шара­сын үкім заң­ды күшіне енген­ге дей­ін кепіл­ге өзгерт­сін, ол сот залын­дағы қамаудан дереу боса­тыл­сын», – деп толы­қтыр­ды ол.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн