Понедельник , 7 июля 2025

«Азаттық» сыйлығы ТАПСЫРЫЛДЫ

Науры­здың 10‑ы күні Алма­ты­да «Азаттық» сый­лы­ғы тап­сы­рыл­ды. Биыл бұл сый­лы­ққа дис­си­дент Кәрі­шал Аса­нов, жабы­лған Adam Bol жур­на­лы­ның бас редак­то­ры Гүл­жан Ерға­ли­е­ва және сая­си эми­грант Мұрат­бек Кете­ба­ев ие бол­ды. Мара­пат­тау рәсі­міне аталған аза­мат­тар­дың тек біре­уі – Гүл­жан Ерға­ли­е­ва ғана қаты­са алды. Ал Кәрі­шал Аса­нов ауы­рып келе алмай қалған. Оның сый­лы­ғы қызы Қар­лы­ғаш Аса­но­ваға тап­сы­рыл­ды. Ал жақын­да ғана Мад­рид түр­месі­нен босаған сая­си эми­грант Мұрат­бек Кете­ба­ев­ке сый­лы­ғын nakanune.kz сай­ты­ның жур­на­лисі Татья­на Пан­чен­ко жеткізеді.

Еске сала кетей­ік, «Азаттық» сый­лы­ғы 2003 жыл­дан бері демо­кра­ти­я­ның дамуы­на үлес қосып жүр­ген аза­мат­тарға беріліп келеді. Оны алғаш рет Ғалым­жан Жақи­я­нов пен Мұх­тар Әбі­ля­зов бастаған «Қаза­қстан­ның Демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» қозға­лы­сы тағай­ын­даған болатын.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн