Понедельник , 7 июля 2025

Мұхтар Шахановқа ИСЛАМ ӘЛЕМІНІҢ сыйлығы берілді

Қаза­қстан­ның халық жазу­шы­сы, «Түр­кітіл­дес халы­қтар ара­сын­дағы ең үздік әлем ақы­ны» сый­лы­ғы­ның иегері Мұх­тар Шаха­нов Паки­стан Ислам Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аста­на­сы Исла­ма­бад қала­сын­да ғалам­дық дара пара­сат иелеріне берілетін «Ислам әле­мінің Ыстан­бұл» сый­лы­ғы­мен марапатталды.

Мара­пат­тау сал­та­на­ты TASAM-Түрік Азия стра­те­ги­я­лық зерт­теу орта­лы­ғы­ның ұйым­да­сты­руы­мен өтіп жатқан «6‑Ислам әле­мі ойшыл ұйым­да­ры плат­фор­ма­сы­ның» халы­қа­ра­лық құры­л­тайы аясын­да мем­ле­кет бас­шы­ла­ры, сена­тор­лар, шетел­дік елшілер мен дипло­ма­ти­я­лық мис­сия өкіл­дерінің қаты­суы­мен өтті.

Халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қта өзін­дік жоға­ры беделі бар TASAM басқар­ма­сы­ның арнайы шеші­мі­мен биыл­дан бастап беріл­ген бұл жоғарғы тұңғыш сый­лы­қты шығар­ма­ла­ры әлем­нің 60-қа жуық тіл­деріне ауда­ры­лған, 22 шетел уни­вер­си­тет­терінің, ака­де­ми­я­ла­ры­ның құр­мет­ті ака­де­ми­гі, ғылым док­то­ры, про­фес­со­ры, 20-дан астам шетел қала­ла­ры­ның құр­мет­ті аза­ма­ты, Нобель сый­лы­ғы­ның 100 жыл­дық мере­кесіне орай беріл­ген Нобель алтын медалінің, Кали­фор­ния (АҚШ) Ғылым ака­де­ми­я­сы тағай­ын­даған Халы­қа­ра­лық Аль­берт Эйн­штейн алтын медалінің және 25-ке жуық әртүр­лі сый­лы­қтар­дың иегері, Түрік әле­мі Зия­лы­лар одағы­ның төраға­сы Мұх­тар Шаха­но­вқа ғалам­дық дара пара­сат иелеріне берілетін «Ислам әле­мінің Ыстан­бұл» сый­лы­ғын сал­та­нат­ты жиын­да Паки­стан Ислам Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Мам­нун Хусейн табыс етті. Паки­стан пре­зи­ден­ті Мұх­тар Шаха­но­втың бүкіл мұсыл­ман әде­би­етін­де­гі ерекше дара тұлға екенін айта келіп, ақын­ды руха­ни жеңісі­мен құттықтады.

Нұрға­ли Жүсіпбай

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн