Понедельник , 7 июля 2025

«Антигептил» белсендісі ЕКІ АЙҒА ҚАМАЛДЫ

«Азаттық» әле­мін­де

 

«Азаттық» тіл­шісіне Аста­на­ның Сары­арқа аудан­дық №2 соты Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті (ҰҚК) қыз­мет­кер­лері «ұлта­ра­лық ала­у­ы­здық қоз­дыр­ды» деген айып­пен ұстаған «Анти­геп­тил» қозға­лы­сы­ның бел­сен­дісі «Сәкен Бай­ке­нов екі айға қамал­ды» деп хабар­ла­ды. Бай­ке­но­вті 7 наурыз күні ҰҚК Алма­ты­да ұстап, Аста­наға әкет­кен еді.

 

Сәкен Бай­ке­но­вті қамауға алу тура­лы шешім шыққан сот оты­ры­сы 9 наурыз күні кеш­ке болған. Сот оты­ры­сы жай­лы егжей-тег­жей­лі ақпа­рат жари­я­лан­ба­ды. Бай­ке­но­втің жақ­та­ста­ры «бел­сен­ді Facebook әле­умет­тік желісін­де­гі жаз­ба­ла­ры үшін ұсталған болуы мүм­кін» дейді.

Сәкен Бай­ке­но­втің жұбайы Қар­лы­ғаш Мыр­за­ді­ло­ва бұған дей­ін «Азатты­ққа» күй­е­уін «ҰҚК қыз­мет­кер­лері 7 науры­зда күн­діз­гі сағат 11 шама­сын­да Алма­ты­дағы жал­дап тұрып жатқан пәтері алды­нан ұстап әкет­кенін» айтқан. Сол күні түстен кей­ін бел­сен­діні ұшақ­пен Аста­наға әкет­кен. ҰҚК қыз­мет­кер­лері әйеліне Бай­ке­но­втің «ұлта­ра­лық ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­рға­ны» үшін ұсталға­нын хабар­лаған, бірақ оның нақты қан­дай іс-әре­кет екенін айт­паған. ҰҚК қыз­мет­кер­лері Бай­ке­нов­пен бір­ге оның үйі­нен ноут­бук, iPad план­шеті, екі ұялы теле­фон және 4G интер­нет бай­ла­ны­сы моде­мін әкеткен.

ҰҚК әзір­ге Бай­ке­но­втің ұсталға­ны­на қаты­сты ешқан­дай ақпа­рат бер­мей отыр.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн