Понедельник , 7 июля 2025

АРОН АТАБЕКТІҢ ШАҒЫМЫ жартылай қанағаттандырылды

Аста­на қала­сы соты­ның кас­са­ци­я­лық кол­ле­ги­я­сы ақын, дис­си­дент Арон Ата­бек бер­ген шағым­ды жар­ты­лай қанағаттандырды.

Арон Ата­бек­тің қорға­у­шы­сы Жанар Балға­ба­е­ва «Азатты­ққа» сот «азаптау тура­лы шағым­ды қанағат­тан­дыр­маға­нын» айтты.

Адво­кат­тың айтуын­ша, сот қыл­мыстық атқа­ру жүй­есі коми­тетінің (КУИС) әре­кет­теріне қаты­сты шағым­ды қанағат­тан­ды­рып, Арон Ата­бек қол­жа­з­ба­ла­рын қай­та­рып алуға және туы­сқан­да­ры­мен кез­де­су­ге рұқ­сат алған.

Арон Ата­бек түр­ме­де­гі жағ­дай­дың төмен­ді­гін, қыл­мыстық атқа­ру жүй­есі коми­теті (КУИС) оның шағым­да­ры­на назар аудар­май­ты­нын айтып шағымданған.

Оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Зәу­реш Бат­та­ло­ва «Азатты­ққа» түр­ме бас­шы­лы­ғы Арон Ата­бек­ті ұзақ уақыт­тан бері бір кісілік каме­раға қамап, киім-кешек алуға да рұқ­сат бер­мей оты­рға­нын айтқан.

61 жастағы Арон Ата­бек (Еді­ге­ев) «2006 жыл­дың шіл­десін­де Алма­ты­дағы «Шаңы­рақ» ықша­мауда­нын­да болған оқиға­лар­ды ұйым­да­стыр­ды» деген айып­пен 2007 жылы қазан­да 18 жылға сот­талған. Поли­ция мен «Шаңы­рақ» тұрғын­да­ры­ның қақты­ғы­сы кезін­де бір поли­цей қаза тапқан еді. Қаза­қстан­дық құқық қорға­у­шы­лар Арон Ата­бек­ті сая­си тұтқын деп санайды.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн