Понедельник , 7 июля 2025

ОДАҚТАСТАР Астанада кездесуден НЕГЕ БАС ТАРТТЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10 (281) от 12 мар­та 2015 г.

 

Апта апты­ғы

 

Қаза­қстан, Ресей, Бело­рус­сия пре­зи­дент­тері – Н. Назар­ба­ев, В. Путин және   А. Лука­шен­ко­лар­дың Аста­на­дағы 13 науры­зға жос­пар­ланған кез­де­суі бір­не­ше күн­ге кей­ін­ге қал­ды­рыл­ды, деп хабар­ла­ды ресей­лік БАҚ-тар.

«Шыны­мен де, үш мем­ле­кет бас­шы­ла­ры Аста­наға жос­пар­ланған кез­де­суін бір­не­ше күн­ге кей­ін­ге қал­ды­ру тура­лы шешім қабыл­да­ды», – деді Ресей үкі­мет бас­шы­сы­ның бас­пасөз хат­шы­сы Дмит­рий Песков.

Еске сал­сақ, Қаза­қстан, Ресей, Бело­рус­сия пре­зи­дент­терінің  Аста­на­дағы кез­де­суі 13 науры­зға жос­пар­ланған бола­тын. Бұған дей­ін бире­сми дереккөз­дер­де үш пре­зи­дент науры­здың 10‑ы күні кез­де­седі деген хабар болған.

Осы­ған қараған­да, үш пре­зи­дент­тің кез­де­суі қай­та-қай­та кей­ін шегерілуін­де қан­дай гәп бар? Жеке­ле­ген сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, кез­де­судің ысы­ры­луы­на Бела­русь пре­зи­ден­ті Алек­сандр Лука­шен­ко себеп­кер болу­да. Ол бұл жолғы кез­де­су­де қол қой­ы­луы тиіс жеке­ле­ген әрі маңы­зды құжат­тар­дың маз­мұ­ны­на нара­зы көрінеді.

Ал біздің газет дереккөзінің айтуы бой­ын­ша, бұл кез­де­судің кей­ін­ге сырғуы­на себеп­кер болған – Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин. Ол бұған дей­ін Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа ҚР пре­зи­ден­тік сай­ла­у­ы­на үміт­кер ретін­де түс­пе­уді және өз орны­на әзір­ге аты-жөні бей­мәлім үміт­кер­ді ұсы­ну­ды сұраған. Соны­мен бір­ге Путин науры­здың 13‑і күні болуы тиіс басқо­су­да «Нұр Отан» пар­ти­я­сы құры­л­тайы кезін­де Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ұсы­на­тын пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер­мен кез­де­суі керек болған. Ал Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Қаза­қстан халқы­ның және пар­ти­я­лас әріп­те­стерінің үзіл­ді-кесіл­ді «тала­бы­нан» кей­ін, В.Путинге бер­ген уәдесі­нен тай­қуға «мәж­бүр» болға­ны мәлім.

Енді бұл кез­де­су қашан және қай­сы елдің аста­на­сын­да өтері әзір­ге бел­гісіз дей­ді газеті­міздің ақпа­ратқа қанық дереккөзі. Қалай болған­да да, біз бұл жағ­дай­дың мән-жай­ын сара­лап, газеті­міздің алдағы сан­да­ры­ның бірін­де оқыр­ман қауым­ды хабар­дар ететін боламыз.

Сауыр САЙҚАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн