Суббота , 12 июля 2025

«АЛИМ» БЕ, «ӘЛІМ» БЕ?

Дұры­сы қайсы?

 

Қаза­қстан­дық ком­по­зи­тор Алим Заи­ров ресей­лік режис­сер Сарик Андре­а­сян­ның «Мафия» филь­міне ән жаза­тын болып­ты. Бұл Заи­ро­втың ком­по­зи­тор ретін­де екін­ші ресей­лік жоба­сы көрінеді.

Неба­ры 26 жастағы ком­по­зи­тор­дың әні аталған фильм­нің басы­нан аяғы­на дей­ін шырқа­ла­ды екен. Қазір ком­по­зи­тор әннің жазы­луы бой­ын­ша Укра­и­на елінің әншісі Роман Виш­нев­ский­мен бір­ге жұмыс жаса­уда. Осы­ған дей­ін оның туындысы «Ограб­ле­ние по-аме­ри­кан­ски» блок­ба­стерін­де орын­далған болатын.

Ал Алим Заи­ров бол­са: «Қазір әннің басты иде­я­сы мен құры­лы­мы бой­ын­ша және фильм­де орын­да­луы­на бай­ла­ны­сты жұмыстар жүріп жатыр. Қарқын­ды түр­де жұмыс жазға қарай баста­ла­ды», – дейді.

Соны­мен қатар ком­по­зи­тор қазір режис­сер Жасұлан Поша­нов пен про­дю­сер Асқар Ұза­қ­ба­ев­тың «Шлаг­баум» филь­мінің музы­ка­лық жұмыста­ры­мен айна­лы­сып жатқа­нын айта келіп: «Біз фильм­ге стан­дар­тқа кіш­кене сай кел­мей­тін музы­ка­лық қадам­дар­ды қол­дан­дық. Дәл қан­дай екенін қазір айта алмай­мын, құпия болып қал­сын. Бірақ көре­рмен­дер­дің көңілі­нен шығып, қызы­қты музы­ка­лық қадам­дар­ды таба­ды деген ойда­мын», – деп ағы­нан жары­лған еді.

Осы рет­те өнер дей­тін шет-шека­ра­сы жоқ кең айдын­да өзге­лер­дің де ықы­ла­сы­на бөленіп, қазақ дей­тін халы­қтың жұрт алдын­дағы мәр­те­бесіне сыза­шы­қтай бол­са да үлес қосып жүр­ген Алим­дей аза­мат­тарға разы бола­сың. Бірақ БАҚ ата­улы­ның бәрін­де, интер­нет­тің иін тірес­кен ақпар-жақ­па­рын­да осы бауы­ры­мы­здың аты «Алим» болып жүр­гені көңіл­ге бір түр­лі ой туды­ра­ды. Дұры­сы – «Әлім» шығар. Ал олай бол­ма­са, оның ұлты­ның басқа болға­ны ма?

Топ­та­ма­ны дайындаған –

Төлеу ТҰРМАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн