Суббота , 12 июля 2025

Санжар бала КЕНЕСАРЫ бола ала ма?

Үміт пен күдік

 

Биыл жары­ққа шыға­тын таны­мал режис­сер Саты­бал­ды Нарым­бе­то­втың «Ама­нат» филь­мiн­де Кене­са­ры хан­ның рөлiн актер Сан­жар Мәди­ев сомдай­тын болды.

Бұл тура­лы «Қаза­қ­фильм» АҚ вице-пре­зи­ден­тi Дидар Аман­тай: «Режис­сер Саты­бал­ды Нарым­бе­тов Ермұ­хан Бек­ма­ха­нов тура­лы тама­ша фильм­дi аяқтап қал­ды. Сол фильм­де үзiк-үзiк Кене­са­ры­ның обра­зы көрi­недi. Кене­са­ры­ның рөлiн Сан­жар Мәди­ев сомдай­ды. Оны қазақ кино­сы тарихын­дағы Кене­са­ры­ның тұңғыш рөлiн сомда­у­шы адам деп айтуы­мы­зға бола­ды», – деген еді.

Мұн­дай­да тәп-тәуір тақы­ры­пқа тұз­дық болар­лық «тұңғы­шты» қоя тұрып, өткен күн­ге бел­гі қал­дыр­мауға тыры­сқан отар­лық сая­сатқа қар­сы шығып, тұтас қазақ тарихын, онан қала бер­ді, хан Кененің тұлға­лық көрінісін импе­ри­я­лық «шаң-тоза­ң­нан» аршып алған ғалым Бек­ма­ха­нов жай­лы ауыз тол­ты­рып айтқан құба-құп еді-ау, тәйірі?!

Ал бұл рет­те елі­міз­ге таны­мал режис­сер Саты­бал­ды­ның «Ама­на­ты» біз күт­кен үміт­тің үддесі­нен шығып, отан­дық теле­ар­на­да кеше­гі тарих­тың тағы бір тың парағын аша­ды деп үміт­те­нетіні­міз – тағы шындық.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн