Воскресенье , 13 июля 2025

КӨК ТУ КӨТЕРГЕН Айжанға америкалықтар  НЕГЕ ҚЫЗЫҚТЫ?

Өне­ге

 

Тен­ни­стен Аме­ри­ка­да өтіп жатқан Инди­ан-Уэллс тур­ни­рін­де осы бір сүй­кім­ді қазақ қызы бүкіл көре­рмен­дер­ді таң қал­дыр­ды: ол аталған бәсе­ке­де отан­да­сы­мыз Зари­на Диа­сты қол­дап, Қаза­қстан­ның көк туын жоға­ры көтеріп, бүкіл көре­рмен­дер­ді тән­ті қылды.

Кей­ін­нен бел­гілі болған­дай, бұл қыздың есі­мі Айжан екен. Аме­ри­ка­ның алы­стағы басқа қала­сы­нан Зари­на­ны қол­дау үшін ұзақ жол жүріп, Қаза­қстан туын өзі­мен бір­ге ала келген.

Естеріңіз­ге сала кет­сек, АҚШ-тың Кали­фор­ния шта­тын­дағы Инди­ан-Уэллс қала­сын­да өтіп жатқан тур­нир­дің үшін­ші айна­лы­мын­да қаза­қтың талант­ты тен­нис­ші қызы Зари­на Диас пен атақты аме­ри­ка­лық Сере­на Уильямс кез­дескен бола­тын. Бірақ «Үлкен дулы­ға» жүл­десін 15 рет жеңіп алған «қара пан­те­ра» Зари­на­ны екі сет­те жеңіп, жары­сты жалғастырды.

Бірақ бір қызы­ғы: сол тен­нис дода­сын тама­ша­лаған қаза­қстан­дық жан­күй­ер Ербол Қабы­ло­втың айтуын­ша, бүкіл теле­ка­ме­ра ата­у­лы қаза­қтың көк бай­рағын төбесіне көтер­ген қызды аңду­мен болған көрі­неді. Көре­рмен­дер мен тур­нир ұйым­да­сты­ру­шы­ла­ры оның кім екенін білу­ге ынтық болып, бір-бірі­нен сұра­у­мен бол­ды деседі.

«Қызық» дей­тіні­міз: әлем­нің бірін­ші ракет­ка­сы Сере­на Уильям­стің өнерін тама­ша­ла­у­ға кел­ген көп-көп көре­рмен­нің жалғыз қазақ қызы­на кілт бұры­луы. Енді қараңыз­шы: анау бір алы­стағы аме­ри­ка­лы­қтар Сере­на­сын «әдірәм қал­ды­рып», біздің Айжан­дай қара­пай­ым қызға ынтық ықы­лас ауда­руы­ның сыры неде деп ойлай­сыз? Себебі, АҚШ аза­мат­та­ры қашан­да отан­сүй­гі­штік қаси­ет­ті құзар биік­тік­те­гі құн­ды­лық санай­ды. Олар­дың әрқай­сысы­ның қой­нын­да әлдеқан­дай жағ­дай­ға қажет бола­ды деген оймен бір-бір қызыл жолақты АҚШ бай­рағы бүк­те­улі жүреді. Сол себеп­ті де олар көк ту көтер­ген қазақ қызы­на қоша­мет­пен қызы­ға қараған шығар.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн