Ақберен Елгезек: Көңіліңе қаяу түссе, КЕШІРІМ СҰРАЙМЫН

Қазақтың талантты әншісі Алтынай Жорабаеваның сөзі қызу талқыға түсті. Қызды-қыздымен, бұл пікірталастың арқасында менің жеке басыма, мен басқарып отырған Ұлт.kz сайтына ауыр сөздер айтылып қалып жатыр. Осыған байланысты айтарым мынау:

Біріншіден, біз сайтқа берген ақпаратта Алтынай ханымды жамандаған жоқпыз. Тек цитатасын бердік.

Екіншіден, бұл туралы ақпарат тек бізде шыққан жоқ. Және біз бұл материалды өзге сайттардан көріп, көшіріп бастық. Ол үшін әншінің арнайы парақшасына кіріп, сөзін тексеріп алдық. Оны арнайы осы постқа тіркеп отырмын (төменде).

Үшіншіден, біз халыққа мына пікірің теріс, мына пікірің оң деп нұсқау бере алмаймыз.

Төртіншіден, біз рейтинг көтеру үшін әншінің сөзін қойғанымыз жоқ. Алтынай ханымсыз да сайттың өз тұрақты оқырманы бар. Және біздің сайтқа қазақтың мүддесін қорғайтын көптеген сын материалдар шығып тұратынын ескерсек, бұл ғайбат емес, қалыпты редакцияның ұстанымы деп есептеулеріңізді сұраймыз.

Егер біздің сайттың жарияланымы Алтынайдың көңіліне қаяу түсірсе, мен жеке өзім джентльмен ретінде кешірім сұраймын!

 

 

 

Сайлау суреттері

Алтыншы кіндік баламызды перзентханадан алып шықтық. 60-қа жуық келіншекті «үлкен кісіге» дауыс бергізіп алып, бірақ шығарды. Сөйтіп «Сайлаугүлімізді» алып қайттық.

  • Ergazy Seytkali-дың «Фейсбуктағы» парақшасынан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн