АҢСАҒАН АРМАНЫНА ЖЕТТІ: АСТАНА АЙЫРПОРТЫНА НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫ БЕРІЛДІ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №24 (388) от 22 июня 2017 г.

 

Апта аптығы

 


Астана халықаралық айырпорты елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды. Бұл туралы ҚР үкіметінің тиісті қаулысы бүгін БАҚ-та жарияланды.

 

Үкіметтің Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы қаулысында атап көрсетілгендей, Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталатын болды.

Осы орайда жария болған ресми хабарларға қарағанда, Астана халықаралық әуежайына Назарбаевтың есімін беру туралы бастаманы әуежай ұжымы көтерген болатын. Сонымен бірге бұған дейін бірер депутат бұл бастаманы қолдап, үлкен мінберлерден «беру керек» деп, жер тарпып тұрып алған.

Бірақ оның тепсінуі «асыл арман иесінің» айтуымен болғанын екі қазақтың бірі білсе керек. Еске сала кетейік, әлемде ел президенттерінің атымен аталатын айырпорттар бар: Ыстамбұлда Ататүрік атындағы; Парижде Шарль де Голль; Джакартада Сукарно Хатта; Нью-Йоркта Джонн Кеннеди; Ташкентте Ислам Кәрімов атындағы халықаралық әуежайлар. Бірақ бұлардың бәрі қайтыс болған және өз елдеріне ерен еңбектері сіңген президенттер еді…

«D»

 

Comments

 

«Нұрлы жол» вокзалы, «Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы», «Нұр әлем» сферасы, «Нұр-Астана» мешіті, «Нұрсұлтан Назарбаев университеті», «Нұрсұлтан Назарбаев мектебі», «Нұр-Орда» лицейі… Астанада елбасының атына берілген тағы не бар?

Ерлан Абдрахманның ФБ-парақшасынан

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн