АҚТӨБЕДЕ тегін жолақы БОЛМАЙДЫ

 

 

Ақтөбеде студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер мен Ұлы Отан соғысы ардагерлері үшін тегін жолақыны атаулы көмекпен алмастыру туралы шешім шығарылды, деп хабарлады қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Серік Нәби.

 

«ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына, жасы бойынша зейнеткерлерге, І-ІІІ топ мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға қалалық қоғамдық көлікте жүру үшін ай сайын 1100 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сондай-ақ әлеуметтік көмек білім беру мекемелерінде оқып, тәрбиеленіп жатқан көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларға айына 1500 теңге көлемінде, сондай-ақ жоғары және орта-арнайы оқу орындарында іштей оқып жатқан студенттер үшін айына 1100 теңге көлемінде төленетін болады», – деді С.Нәби Ақтөбе мәслихатының 35-кезектен тыс сессиясында.

Депутаттар төлемдерді төлеуді уақытша тоқтатуға және жолақысын төлеудің орнын толтыру үшін атаулы әлеуметтік көмекке көшу туралы шешім қабылдануына байланысты әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдауды субсидиялау бойынша Т442,8 млн сома көлеміндегі қаражатты қайта бөлді.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн