Академик БОЛЫП аттанды…

Апта аптығы

 

Беу, дүние!

Алматыда 82 жасына қараған шағында қайтыс болған академик Мұхтар Әлиевті жерлеу рәсімі өтті. Еске сала кетейік, М. Әлиев кеңестер кезінде Қазақ КСР денсаулық сақтау министрі, Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлігінің бас хирургі, А.Н. Сызғанов атындағы Қазақ емханалық және эксперименттік хирургия ҒЗИ директоры болған. Ол сонымен бірге Рахат Әлиевтің әкесі, Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы еді.

Ол марапат атаулыдан да кенде кетпеді: Халық Қаһарманы, екі мәрте ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, бірнеше КСРО және Қазақстан ордендерінің кавалері, Алматы қаласының құрметті азаматы болды. Бірақ марқұммен қоштасу рәсіміне жиналған замандастары мен бір кездегі әріптестері «Ол – өмірден Академик атымен аттанды» деп, оған деген халықтық ілтипатпен қоштасты.

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн