Алматы кіші Кулагинге ҚАРАП ҚАЛДЫ МА?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №30 (394) от 24 августа 2017 г.

Апта аптығы

 


 

Ақмола облысының бұрынғы әкімі Сергей Кулагиннің ұлы Павел Кулагин жуықта Алматының Түрксіб ауданына әкім болып тағайындалды.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек кіші Кулагинді таныстыра отырып, ол мемлекеттік қызметтегі жұмысын 2008 жылы Қостанай облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы болып бастағанын, әр жылдары инспектор, кеңесші, Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, Есіл ауданы әкімінің орынбасары, Астанадағы Сарыарқа және Алматы аудандарының әкімі, Астана қаласы коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы болғанын тізбектеп шыққан екен.

Еске сала кетейік, Павел Кулагин астаналық ауданның әкімі қызметін атқара алмағандықтан, қызметінен босатылған еді. Ал енді Алматыдағы Түрксіб ауданының жартысына жетпейтін ауқымды алып жүре алмаған кіші Кулагин жаңа қызметті қарық қылуы мүмкін бе?

Сарапшылардың пікіріне қарағанда, кеңес кезінен Назарбаевтың айнымас досы болып келе жатқан Сергей Кулагин президенттің пәрменімен өзінің ұлын көрінген басшылық қызметке тықпалап жүрген сияқты. Әйтпегенде Алматы қаласы небір «сен тұр, мен атайын» жігіттерге кенде болып қалды дейсіз бе?

Сырым ДАТОВ


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн