Қалың қазақ отырған АТЫРАУҒА АССАМБЛЕЯ институты не керек?

 

 

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жанында Қазақстан халқы ассамблеясының институты ашылатын болды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

«Оның ашылуы Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) 20 жылдығына орайластырылған. Қазақстан халқы ассамблеясының институты әзірге Қазақстанда ашылған алғашқы институт екенін айта кетуіміз керек», – деп хабарлады Атырау мемлекеттік университетінің баспасөз қызметінен. Президенттің жарлығы мен үкіметтің тиісті қаулы-құжаттарында көрсетілгендей, ҚХА институтының қызметінің мәнісі – Қазақстандағы этностар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамыту, Қазақстан халқының этносаралық, конфессияаралық келісімін және толеранттылық, біртұтастық идеясын насихаттау болып табылады.

Ендеше қалың қазақ қоныстанған Атырауға «этностар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамыту, Қазақстан халқының этносаралық, конфессияаралық келісім… идеясын насихаттау» қандай қажеттіліктен тууы мүмкін? Егер дәл осындай институт Қызылжар, Өскемен немесе Кереку қалаларында құрылып жатса, оған әлдебір түсіністікпен қарауға болар еді. Ал қазақтан басқа халық саусақпен ғана санарлық Атыраудағы бұл институт облыс қыздарына тегістей кокошник кигізіп қойғандай болмай ма?

Әсет АЙТҚАЗЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн