Қант қызылшасынан РЕКОРДТЫҚ ӨНІМ күтудеміз, – дейді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №40 (404) от 02 ноября 2017 г.

 

Апта аптығы

Бұл екі арада

 


Биыл Алматы облысында 350 мың тонна рекордтық көлемде қант қызылшасын алу жоспарлануда, сөйтіп облыстың қантқа сұранысы толығымен жабылады, деп мәлім етті өңір басшысы Амандық Баталов.

 

«Заманауи ауыл шаруашылығы техникалары мен элиталық тұқым пайдаланудың нәтижесінде жекелеген шаруа қожалықтарында өнім әр гектарынан 500–700 центнерге дейін жетуде. Сөйтіп, биылғы жылдың өнімі 350 мың тоннаны құрайды деп болжанып отыр», – деді А.Баталов кеше Астанада өткен брифингте.

Ол еске салғандай, Көксу қант зауыты үш жыл қатарынан жаңғыртудан өтті, 10 жыл тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты биылғы жылы қалпына келтіріліп, 40 мың тонна қант қызылшасын қабылдады. «Жетісу» ӘӘК-ні тарта отырып, 18 сервистік дайындау орталықтары құрылды. «Біздің мақсатымыз – облыстың ғана емес, еліміздің қантқа деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету», – деді А.Баталов.

 

Еркежан БЕШТАЕВА,

тәлімгер-студент

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн