«АСТАНА БАЛЕТ» КІМГЕ ҚАЖЕТ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №44 (361) от 01 декабря 2016 г.

 

Апта аптығы

 

Бұл екі арада

 


 

Жуықта елорданың ресми сайты 10-11 желтоқсанда «Астана Балет» театрының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлады. Әрине, мәдениеттің мәтшәсі сияқты мұндай өнер ордасы қай елге болсын керек-ақ.

 

Бірақ бұдан бірер жыл бұрын ғана ашылған, құрылысы 320 миллион долларға түскен, сыйымдылығы 1200 орындық мемлекеттік «Астана-опера» театры тұрғанда, тағы бір классикалық театр Қазақстанға қаншалықты қажет болды? Оның үстіне балет тамашалағысы келген астаналықтар үшін бұл театрдың балет труппасы және бар.

Енді, міне, құрылысы биылғы көктемде ғана басталған, жалпы ауданы 15 467 шаршы метр болатын тағы бір балет театрын жедел түрде пайдалануға беру қамы жасалуда. Опера мен балет түгілі, кәдімгі пьеса қоятын драмалық театрларға бармайтын астаналық шенеуніктер «Астана Балетті» көрерменге қарық қылмасы белгілі жәйт.

Ал осы Астанада соңғы жылдар көлемінде рак аурулары немесе туберкулез ауруханасы ашылды дегенді естіген тірі жан бар ма? Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша, бұл екі дерттің өршу мөлшерінен Қазақстан дүниежүзіндегі алғашқы ондықтан түспей жүргені жиі жазылатын жәйт.

Солай бола тұрса да, елорданың ресми сайты бір сахнасының ғана ауданы 536 м² болатын «Астана Балеттің» ашылу салтанатын алдын ала дүркіретіп жазып жатыр. Айтпақшы, сол сайттың айтуы бойынша, мұнда сахнаны трансформациялау үшін қозғалмалы және көтеру-түсіру механикасының ең озық технологиясы қондырылған екен. Сахнаға ең күрделі сценографиясы бар қойылымдар қоюға қажетті барлық мүмкіндік жасалған екен. Көрермен залының сыйымдылығы – 783 орын (Алматыдағы Опера және балет театрының сыйымдылығы 784 орын).

Бұл театр қандай қажеттіліктен пайда болды? Ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша, бұл театр «Астана-операмен» жағаласып, бір театрдың сахнасына таласып жүрген «Astana ballet» хореографиялық ұжымын жеке ғимаратпен қамтамасыз етуден туған екен. Ал халықтың қазынасы есебінен жеке өзіне бөлек театр салып беретіндей, «Astana ballet» деген бәлекет қайдан шыққан?

Бұл сауалдың жауабын ашық жазуға Қазақстанның Тұңғыш президенті туралы заң мүмкіндік бермейді. Бұл заң ҚР президентінің жеке басы мен отбасына қатысты мәселелерді сырт көзден қымтауға арналған. Ал егер кімде-кім жаңа театр салуға түрткі тұлғаны білгісі келсе, «Гуглден» «Асель Исабаеваны» тінтіп шықса, біраз мәліметке кенелетін сияқты…

Ермұрат БАПИ

 

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн