АСТАНАДА БАЛАСЫ ҮШІН АНАСЫ ӨЗІН-ӨЗІ ӨРТЕДІ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №45 (362) от 08 декабря 2016 г.

 

Апта аптығы

 

Дабыл!

 


 

 

Астанада желтоқсанның 6-сында ҚР Бас прокуратура ғимаратының бақылау-өткізу пунктіне келген төрт әйелдің бірі сыртқы киімдерін шешіп, үстіне жанармай құйып, өзін-өзі өртеген.

 

Осыған байланысты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі былай деп түсінік береді: «Бақылау-өткізу пунктіндегі қызметкерлер жедел түрде өртті сөндіру шараларын жасаған. Әйелдің іс-қимылы күтпеген жерден орын алған, өртенуге дейін одан ешқандай қауіпті белгілер байқалмаған. Өртенген азаматшаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылған. Өзін-өзі өртеген әйелдің 1968 жылы туған М.Е.Рысманова екені анықталды. Өзін-өзі өртеуіне 1988 жылы туған ұлы Е.Н.Ахметовтің сотталуына байланысты сот үкімімен келіспеушілігі себеп болған. Е.Н.Ахметовтің анасы Бас прокуратураға бұл туралы 2016 жылы қарашаның 26-күні өтініш-хат жазған екен.

Ресми мәліметтер бойынша, М.Е.Рысманованың ұлы Е.Н.Ахметов Шу аудандық сотының шешімімен 296-баптың 4-тармағы бойынша (аса ірі көлемдегі есірткі – 3,5 грамм героин, 285 грамм гашишті дайындап, сақтап, тасымалдағаны үшін) 4 жыл 6 айға бас бостандығын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге үкім шығарылған. Е.Н.Ахметов 2015 жылы 20 тамыз күні Жамбыл облыстық сотына үкіммен келіспейтіні туралы шағым түсірген, алайда ол қанағаттандырылмаған күйде кері қайтарылған.

Желтоқсанның 7-сі күні ҚР бас прокуроры Жақып Асанов осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді: «Бұл сұмдық жайт, қазір сонымен айналысып жатырмын. Мұның бәрі тектен-тек емес. Адамдар сөзіне ешкім құлақ аспағанда, осындай қадамға барады. Қазір оның тезірек сауығып кетуін күтіп отырмыз. Қажет болса, көмек көрсетеміз. Бұл мәселемен өзім айналысамын, бірақ алдын ала оған қатысты заңсыз шешім қабылданды дей алмаймын. Қалай болғанда да, сот үкімі шығарылды. Біз бәрін мұқият қарастырамыз», – деді.

Асановтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта прокуратура «арыз-шағымның астында қалды», сол себепті «адамдар мемлекет қолдауын сезіну үшін орасан зор жүйелік өзгерістер» қажет көрінеді.

Жоғарғы биліктегі лауазымды шенеунік саяси жүйеге өзгеріс қажет десе, шынымен де, билікке бір тықырдың таяғаны анық.

«D»


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн