«ҚАСЫҚТЫҢ» АТАУЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №41 (405) от 09 ноября 2017 г.

 

Апта аптығы


 

Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс шақырылған 16-сессиясында Қасық ауылына елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың анасының есімін беру туралы мәселе көтерілді. Бұл туралы Taraztv.kz хабарлайды.

 

Сессия барысында Қордай ауданындағы Қасық ауылын «Әлжан-ана» атауына өзгерту туралы ұсыныс айтылды. Мұны депутаттар бірауыздан қолдады. Себебі Әлжан ана – Қазақстан Республикасының тұңғыш президентін дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Сондықтан халық қалаулылары да бұл игі бастаманы барша аналарымызға деген құрметтің белгісі деп біледі.

«Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасымен сәйкес келіп отыр. Жамбыл облысында елге үлгілі аналар ғұмыр кешкен. Әйел адамдардың орны ерекше», – дейді Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Масат Берік.

Депутат Мейрамбек Төлепберген де әріптесінің сөзін қоштады. «Бұл кісінің атына берілген ауылдың көркемдік сипаты ерекше әдемі болуы керек. Алтын құрсақты анаға деген құрметті біз қолдаймыз. Өте орынды», – деп атап өтті ол.

Stan.kz

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн