Айқынның МӘСЕЛЕСІ – анау-мынауда

 

Сынып қалған мініс көлігін өзі жөндеуді ұнататын, «Superstar.kz» мегажобасынан соң жарқ етіп сахна әлеміне біржола келген Айқын Төлепбергеннің кейбір әндері сынға ұшырап жүргенімен, әншінің беделі түсе қоймағаны «Инстаграм» жеке парақшасындағы тыңдарман жастардың ақжарма тілектері мен құттықтау сөздерінен аңғарылғандай.

Жеке өмірі мен отбасын құпия ұстау «саясаты» жағынан Қайрат Нұртастан бір кем түспейтін Айқынның тыңдарман қауымнан «тыққан» жаңалығы көп болса керек. Әрі Айқынның құпиясы осы туған айы – ақпанда айтылар деп үміттенеміз.

Ал оның сахнадағы жетістіктерін қараңыз: «Мистер КазНТУ-2000», «SuperStar KZ» мегажобасының жүлдегері, «Новая волна» халықаралық байқауының лауреаты (2006 ж.), «Алматы жүрегімде» фестивалінің Гран-при иегері (2009 ж.), EMA Muzzone Awards музыкалық марапаттауда «Үздік әнші» номинациясының жеңімпазы (2012 ж.), «Саз әлемі» музыкалық байқауында «Үздік орындаушы» номинациясының жеңімпазы (2012 ж.), EMA Muzzone Awards музыкалық марапаттауда «Үздік дуэт» номинациясының жеңімпазы (2013 ж.), «Саз әлемі» музыкалық байқауында «Үздік орындаушы» номинациясының жеңімпазы (2013 ж.) атанған.

Осыншама жүлде мен жеңістерден кейін бұл жұрт Айқынды неге сынай береді деп ойланудың да реті бар. Бәлкім, мәселе дауыс пен талантта емес, әнші болып қалыптасу жолындағы анау-мынау әңгімелерге жуық жүргенінде шығар?!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн