Қайрат пен Жанар БАЯНДЫ БЕРІ БҰРДЫ

Апырай, ә?!

 

ОЙДАН КЫРДАН КАЙРАТ ПЕН ЖАНАР БАЯНДЫ БЕРИ БУРДЫОтандық танымал әншілер Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова бірлесіп бейнебаян түсіретін болды. Дұғалованың продюсерінің айтуынша, бейнебаян «Сен мені түсінбедің» әніне түсірілмекші.

«Бейнебаян Алматыда ертеңнен бастап түсіріледі. Бұл идея Қайрат Нұртастың да, біздің де көңілімізден шықты. Сондықтан осындай туынды жасап шығуға бел будық», – деді Баян Есентаева. Сонымен бірге Жанардың продюсері аталған әннің бейнебаяны ақпан айының соңына қарай жарыққа шығып, қазақстандық телеарналардан беріле бастайтынын айтқан болатын.

Айта кетерлік жайт – «Сен мені түсінбедің» деп аталатын бұл әнді екі әнші Қайрат Нұртастың 3D концертінде орындаған еді. Сонымен бірге екі әншіге бір бейнебаян түсіруге тағы бір себеп те жоқ емес: осыдан аз уақыт ілгері Баян Есентаеваның баспасөз бетінде Қайрат Нұртасты әнші ретінде мойындайтынын айтқан.

Ең қызығы – осыған дейін БАҚ-тарда Жанар Дұғалованың тағы бір танымал әнші Айқын Төлепбергенмен дуэт орындайтыны туралы хабарланған еді. Ол кезде Баян Есентаева мұны да жақсы идея деп қабылдаған.

Не десек те, шоу-бизнестегі бұл жаңалық былайғы жұлдыз аңдыған жұртты біраз елеңдетіп тастағандай. Оның үстіне тек қана қыздардан ғана топ құруды мақсат еткен Баян ханымның бұнысына қарап, енді әнші жігіттерге де ептеп бүйрегі «бұрылған» ба деп қаласың!

Мүбәдә, осы ойымыз расталып, өз қамқорлығына талантты әнші жігіттердің әлденешеуін алар болса, Баянның «бетін бері қаратқан» әнші Қайрат Нұртасқа «жүрек жібітуші» ретінде рахмет айтпасқа шараң жоқ!

Бетті дайындаған – Төлеу ТҰРМАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн