ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРІ әлемнің бел ортасында

 

Қазақстан армиясы Global Firepower ұйымы жасаған әлемдік рейтингте 126 елдің ішінде 66-орын алды.

 

Global Firepower мәліметтерінше, Қазақстанда әскери қызметке жарамды 6 млн 438 мың 168 адам бар. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 58-орында. Одан басқа, Қазақстанда 110 мың әскери қызметкер (49-орында) және 378 мың резервтегілері (24-орын), 300 танк (48-орын), 1 613 БТР (брондалған транспортерлар) (44-орын), 285 өзі жүретін артиллериялық қондырғы (22-орын), 744 дана сүйретпелі артиллерия (18-орын), 393 дүркіндетіп ататын реактивті жүйесі (12-орын) бар екен. Әрі Қазақстанда 233 дана авиациялық әскери техника (41-орын) мен 15 дана жағалауды күзететін кемелер (87-орын) бар.

Бұл ретте Қазақстанның әскери бюджеті $2 млрд 435 млн, рейтингте бұл көрсеткіш бойынша еліміз 59-орында тұр.

Рейтингтегі алғашқы үш орында, сәйкесінше, АҚШ, Ресей және Қытай орналасқан. Одан кейін Үндістан, Ұлыбритания, Франция мен Солтүстік Корея келеді. Украина – 25-орында, Беларусь – 45, Өзбекстан – 54, Әзербайжан – 63, Армения – 74, Грузия –75, Қырғызстан –78, Тәжікстан – 81, Түркменстан – 90-орында.

Соңғы үш орында Мали, Мозамбик және Сомали орналасқан.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн