Қазақ жастарымен ЕЛБАСЫ НЕГЕ қазақша сөйлеспеді?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №46 (363) от 15 декабря 2016 г.

 

Апта аптығы

 

 


 

 

Республикалық жастар форумын тікелей эфирде көріп шықтым. Елбасы жастарды жинап, еркін әңгіме өткізді. Жақсы ғой, дұрыс, ақсақал жастарға ақылын айтуы керек. Бірақ…

 

Неге Елбасы өз жастарымен өзге тілінде сөйлеспеді? Неге бұл жиын орыс тілінде өтті? Неге Елбасы өз жастарымен ана тілінде – қазақша сөйлемейді? Жастарға ол қандай сабақ, қандай үлгі көрсетеді? «Қазақ тілінде сөйлеме, орыс тілінде сөйле» дей ме? Залда отырған жастардың 99 пайызы қазақ ұлты. Түсінбей отырғандарға тілмаштар наушникпен аудару керек, ол еш проблема емес. Және оларға мемлекеттік тілін түсібегені үшін ұят болуы тиіс.

Менің ойымша, Елбасы өз жастарымен өзге емес, ана тілінде сөйлеуі керек – мемлекеттік қазақ тілінде. Қасындағылар Елбасыға бұны неге айтпайды осы?

Махтар ТАЙЖАН

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн